28
февраль
2025
5-сынып оқушыларымен “Мен саған сенемін” тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды
Мақсаты: өз бойындағы жеке қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достыққа және басқаларды сыйлай білуге тәрбиелеу.
Оқушылар түрлі-түсті алақандар арқылы амандасып, “Арт-терапия” жаттығуында жұптаса отырып, тек бір қолын пайдаланып, тақтада көрсетілген суретті салды. “Арт-терапия” жаттығуы оқушыға өзінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. “Сан-түс” жаттығуында көрсетілген сан және түсті жылдам әрі дұрыс айта білді. “Сан-түс” жаттығуы оқушылардың жылдам ойлау дағдысын дамытады. Келесі жаттығуда оқушылар 1 минут ішінде сандарды реттілікпен орналастырды. Бұл жаттығу оқушыларды ептілікке үйретеді. “Автопортрет” жаттығуында параққа өзінің ерекшелігін жазып, сол ерекшелік арқылы бір-бірін анықтады.