25
февраль
2024
6-сынып оқушылары “Іздеген жетер мұратқа” тақырыбындағы квест ойынына қатысты.

🔶Мақсаты: оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бірлесе әрекет ету іс-қимылдарын, ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
🔶Байқау 2 станция,6 аялдамадан құралды. 1. “Пазл” аялдамасында қағаз қиындыларын дұрыс орналастыру арқылы сұрақты құрастырып, сұраққа жауап берді. 2. “Әріпті басқатырғыш” аялдамасында берілген үлгіге қарап, тапсырманы орындады. 3. “Есте сақта” аялдамасында экраннан көрсетілген суреттерді дәл көрсетілгендей құрастырды. 4. “Жасырын зат” аялдамасында қорапта берілген затты қолымен ұстап қандай зат екендігін тапты. 5. “Әуенді тап” аялдамасында әуенді тыңдап, әуен атауын және орындаушысын анықтады. 6. Соңғы аялдаманың тапсырмасын мәжіліс залынан іздеді(берілген тапсырма: суреттерді қосу арқылы сандарды табу). Ойын ережесіне сәйкес 5 топ (6 “А”, 6”Б”, 6 “В”, 6 “Е”, 6”И”) 3 аялдамадан соң ойыннан шығарылып, алғыс хаттармен марапатталды.
🔶Нәтижесінде 6 ”Ә” сыныбы Бас жүлде, 6 «З» сыныбы I орын, 6”Ж”, “Д” сыныптары II орын, 6 “Г” сыныбы III орынмен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
https://www.youtube.com/shorts/mlolOkOzASU