17
март
2025
Наурыз мерекесіне орай 9-сынып оқушыларымен «ЭТНО QUIZ» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып қазақ халқының салт – дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сайыс 4 бөлімнен тұрды:
Сайыс 4 бөлімнен тұрды:
1.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде
ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойынға қатысты ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді.
ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойынға қатысты ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді.
2.«Суреттер сөйлейді» кезеңінде экраннан көрсетілген суреттерден салт-дәстүрге қатысты бейнені тауып, мағынасын ашып түсіндірді.
3.«Тұлғаны таны» кезеңінде үзіндіде бейнеленген бейнефильм атауын және ұлы тұлғаны анықтады.
4.«Ою ойғанның ойы ұшқыр» кезеңінде берілген матадан оюды ойып, мағынасын түсіндірді.
Сайыс нәтижесі: I орын: 9“Г” сыныбынан құралған “Алаш” тобы, II орын: 9“А” сыныбынан құралған “Шаңырақ” тобы, III орын: 9“В” сыныбынан құралған “Бәйшешек” тобы иеленді. Қатысушыларға алғыс білдіреміз!