01
сентябрь
2021
1 қыркүйек -Білім күні


🔰Бұл жолы алғашқы қоңырау ерекше соғылды. Себебі, білім әлеміне енді қадам басқан бүлдіршіндер сауат ашы құралы - "Әліппе" оқулығымен қауышты.
🔰Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанаттық іс-шара "Кел, балалар, оқылық!"-деп аталып, гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы және арнайы келген қонақтар Үсіпбекова Гүлнұр Мұқанқызы, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Қуатова Зарина Пердібекқызы бүлдіршіндерге мықты денсаулық тілеп, ашық және білімқұмар болуға шақырды.
🔰Салтанатты жиында "Кел, балалар, оқылық!" көрінісі қойылып, 1-сыныпқа қадам басқан оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, әсем ән айтылып, мың бұралған гимназия бишілері көрерменді қуанышқа бөледі.