25
май
2019
Бүгін Б.Момышұлы атындағы #45 қазақ классикалық гимназиясында "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Бүгін Б.Момышұлы атындағы #45 қазақ классикалық гимназиясында "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Іс-шараға гимназия ұстаздары, білім алушылар, ата-аналар мен гимназия қонақтары қатысты. Жиын басында сөз сөйлеген гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбековна мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін айтып, сəтті қадам тіледі. Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылында қала, облыс республика көлеміндегі білім додаларында гимназия беделін асқақтатып, үздік танылған жас ұстаз Рахманбердиева Айдана Ахметқызын "Жылдың үздік жас мұғалімі", "Алтын белгіге" үміткер Қозғамбаев Дархан мен халықаралық, республикалық байқаулардың қола медаль иегері Серікқызы Əсияны "Үздік гимназист" медалімен марапаттады










