Президент жолдауы-болашақ бағдары » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президент жолдауы-болашақ бағдары
02
сентябрь
2021

Президент жолдауы-болашақ бағдары

Президент Жолдауы - болашақ бағдары

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Жолдауы – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекетіміздің болашақ бағдарын белгілейтін маңызды бағдарлама.
Ұстаздар қауымы үшін мемлекет басшысы еңбекақысын көтеру жалғасын табатынын атап өтті, педагогтердің 3 жыл сайын өз кәсіби біліктілігін арттыруы қажет екендігіне айрықша тоқталды. Қашықтан білім беру мұғалімдердің заманауи цифрлық жүйелерді меңгеруін талап етуде. Еліміздің жарқын келешегі – ұлттық құндылықтарға қанығып өскен, танымы терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына жүктелер жауапкершіліктің зор. Ұстаздар қауымын нақты қолдау – еліміздің жарқын болашағы болар білімді ұрпағына деген қамқорлықтың көрсеткіші деп білеміз.
Қазақ тілін дамыту – білім мен ғылымның негізгі көзі болады. Зиялы қауымның жастарға бағыт-бағдар беруі, ұлт зиялыларының салиқалы ісімен, жастарға жақсы ісімен бойларына сіңіруі – басты байлығымыз екенін де атап көрсетті.
Мемлекет басшысы биылғы оқу жылы еліміздің жас өрендерінің Халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанғанын, дарынды оқушыларды және олардың ұстаздарын қолдау жұмысы жалғасын табатындығын айрықша атап өтті. Мемлекеттік деңгейде қолдау оқушыларды әлемдік білім олимпиадасында бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, жеңіс тұғырынан танылуға, ұстаздарын сапалы білім беруге ынталандырары анық.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Халыққа Жолдауында белгіленген жоспарлар мен мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда әрқайсымыз жауапкершілік танытуымыз қажет.
Шортанбекова Фарида Советбекқызы, Тараз қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директоры.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив