31
декабрь
2019
Жаңа жылдарыңызбен!

Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қою арқылы барша педагогтардың мәртебесін көтеріп, қоғамдағы өзіндік орындарын ерекше айқындап берді. Сонымен бірге осы жылы облысымыздың 80 жылдығының аталып өтілуі де өңіріміздің тарихынан ерекше орын алып, мерейімізді үстем етті.
Біз еліміздің көк байрағының мәңгіге желбіреуін, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын, тәрбиелеп отырған шәкірттеріміздің білімді, саналы, тәрбиелі болуын қалаймыз. Сондықтан келе жатқан жаңа жылдан үлкен үміт, толағай табыстар мен гимназиямыздың мерейін арттыратын жетістіктер күтеміз.
Жаңа жыл еліміздегі әрбір шаңыраққа жақсылығын ала келсін! 2020 жыл Ұлы даланың тарихында ерекше орын алатын, елімізді әлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын!