Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
25
май
2019

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді тағы да бір оқу жылының аяқталуымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! 
Гимназия оқу жылын 1937 оқушымен бастап, 1898 оқушымен аяқтап отыр.
Гимназияны 636 оқу озаттары, 823 оқу екпінділері, «Алтын белгіге» үміткер 4 түлек, үздік аттестаттақа үміткер 4 түлек және оқу грантын ұтып алған 2 түлегіміз бітіріп отыр. 1-8 сыныптардан 1658 оқушы емтихансыз келесі сыныпқа көшіріліп, 9-11 сыныптардан 240 оқушы емтиханға жіберілді. 
Қазақстанның инновациялық дамуға бет бұруы кезінде гимназияның негізгі жұмыс міндеті - дарынды балалармен жұмыс. Биылғы оқу жылында гимназия оқушылары мен ұстаздары түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. 
Атап айтсақ, қалалық байқауларда - 86, облыстық байқауларда 18, республикалық байқауларда 19, халықаралық 7, қашықтықтан интеллектуалды марафондар мен байқауларда 2228 жүлделі орындар еншімізде. 
Гимназия абыройын республикалық, халықаралық байқауларда көтеріп жүрген оқушыларымызды мақтанышпен айтамыз. Олар: республикалық ғылыми жобада Бейбіт Анель, Асамбай Жалғас, халықаралық ғылыми жобада Серікқызы Әсия, республикалық олимпиадада Хабдуллина Еркежан, Ержан Аружан, Жұмамұрат Асанәлі, Белгібаева Ғазиза, халықаралық жасөспірімдер фестивалінде Абдрахман Асқар, кеше ғана «Кітап оқып, миллионер бол» байқауының жеңімпазы Әбдісейіт Қазына. Біз бұл оқушыларымызды мақтан тұтамыз, үлгі етеміз!!!
Гимназияның туын мақтанышпен көкке көтеруге оқушылармен қатар ұстаздар қауымы да ат салысуда, атап айтсақ:
Халықаралық байқауға 1 мұғалім, республикалық байқауда 2 мұғалім, облыстық байқауда 3 мұғалім, қалалық байқауда 8 мұғалім жүлделі орындар алса, біздің мұғалімдер еншісінде онлайн байқауда 104 жүлде, қашықтық 154 орын бар. 
Құрметті жас түлектер!
Сіздер бүгін балалық шақ атты ертегi өмiрден — болашақ атты ертеңгi өмiрге қадам басқалы тұрсыздар. 
Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың, яғни сіздердің келешектеріңіз жарқын болуы үшiн жасалып жатыр. Ел ертеңі, ақылына білімі сай тәуелсіз елдің жастары – Сендерсіңдер. Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында дер едім. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу. 
Тыныштық арқылы тұрақтылық, татулық арқылы тұтастықты төріне оздырған, кеңбайтақ жері, киелі төрі бар, жұлдызы жанған бақытты халықтың ұрпағы сіздер, өз еліңнің патриоты болмауға хақыларыңыз да жоқ. Сіздердің, Мәңгілік Елді құратын білімді, білікті, отансүйгіштігі жоғары азамат болатындарыңызға сенімдіміз. 
Құрметті түлектер, сіздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңыза тілектеспін.
Жыл сайын түлектерімізді ұядан ұшырар сәтте 3 тілек айтамыз. Үш тілді жетік меңгеріп, рухани бай, білімді азамат бол дейміз. Сосын мәпелеген ата-ана, білімге баулыған ұстаздарын қадірлей біліп, солардың үмітін ақтауға шақырамыз. Соңында, қай жерде болса да шәкірттеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіреміз.
Қымбатты түлектер!
Көздеген мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Отан сүйгіштік рухтарың мықты болып, асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін. Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын!
Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив