6- сыныптарға
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.
«Түйебай» әңгімесі әлеуметтік жағдайға тәуелсіз балалықтың бал дәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол жылы молдадаға оқуға баруынан басталады. Өздері малайлықта жоқшылық тауқыметімен жүрсе де, ата-анасы Түйебайды молдаға оқуға береді. Қай заман болсын оқуға деген көзқарас жоғары. Дегенмен, молда оқуының балаға берері аз, мағынасыз. Молданың қатал тәртібі мен талабының астарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі бой көрсетеді. Автор «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді Түйебайдың «әлденеге телміріп, қызығып қараған» көзімен айтқызады. Сол арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі.
"Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Повесть 9 бөлімнен тұрады. Басты кейіпкер- тәмпіш қара Шаншатай. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер- әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе,бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек.Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала, ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі.
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы – тәрбиелік маңызы зор шығарма. Шығармада бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, «шаңырағым шайқалып, отым өшеді» деп отырған Ахмет шал неміс баласы Зигфридті бауырына басып алады. Оған қазақшалап Зекен Ахметұлы деген атау береді. Зекенді өгейсітпей, бар мейірімін төгіп, оның жақсы адам болып шығуына барлық жағдайын жасайды. Жолында кездескен әділетсіздіктер мен қиындықтарды жеңіп шығады. Бұл шығарма ұлтқа, нәсілге бөлінудің дұрыс еместігін, адамзатқа ауызбіршілік, бауырмалдық, достықтың қажет екенін насихаттайды.
ӘңгімедеXX ғасырдың бас кезіндегі ауыл өмірі, бала оқытуға жалданған молданыңтұрмыс-күйі, автордың Пресногорьков жоғары бастауыш мектебін бітіргендігі жайлы әңгімеленеді.
«…Жаңа жерге келгелі екі күн өткенімен, екеуі бір десте дермене ора алмады. Салқындау болар деп шайланы тігіп еді, түн баласы екеуі де елегізіп шықты. Бұл адырда ұры да, қасқыр да, жын-жыбыр, дию-пері де атымен жоқ деп, өзіне тығыла түскен немересінің көңілін қанша алдаусыратқанмен, шалдың өз басы әрбір тысырға құлақ түріп, бозторғай шырылдағанша көз іле алмады». Дулат Исабековтің «Дермене» повесінен үзінді осы аттас дәрілік шөптің қаншалықты пайдалы екенін білуге ынтықтырғанмен, адамгершілік асыл қасиеттердідәріптеуге негізделген.
Folklore, legends, myths and fairy tales have followed childhood through the ages, for every healthy youngster has a wholesome and instinctive love for stories fantastic, marvelous and manifestly unreal. The winged fairies of Grimm and Andersen have brought more happiness to childish hearts than all other human creations.Yet the old time fairy tale, having served for generations, may now be classed as "historical" in the children's library; for the time has come for a series of newer "wonder tales" in which the stereotyped genie, dwarf and fairy are eliminated, together with all the horrible and blood-curdling incidents devised by their authors to point a fearsome moral to each tale. Modern education includes morality; therefore the modern child seeks only entertainment in its wonder tales and gladly dispenses with all disagreeable incident.Having this thought in mind, the story of "The Wonderful Wizard of Oz" was written solely to please children of today. It aspires to being a modernized fairy tale, in which the wonderment and joy are retained and the heartaches and nightmares are left out.