Парасатты отбасы » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Парасатты отбасы
06
сентябрь
2021

Парасатты отбасы

Құрметті гимназия білім алушылары, ата-аналары! Сіздерді облыстық «Парасатты отбасы» онлайн байқауының гимназияішілік кезеңіне қатысуға шақырамыз! 
Байқау мақсаты: отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау.
           Аталған байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз гимназия оқушылары өз жанұясымен қатыса алады. Балалары қоғамдық іс-шараға белсене қатысатын, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық шығармалар оқыған болуы керек.
Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды орналастыруы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық, сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті қыркүйек айының 17 дейін сынып жетекшілерінің әлеуметтік парақшасына жолдайды. Гимназияішілік байқаудың үздік шыққан жеңімпазы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ЖО бойынша «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі өткізетін облыстық «Парасатты отбасы» байқауының қалалық кезеңіне жіберіледі.                 Қорытындылау кезеңінде байқаудың гимназияішілік қазылар алқасы үздік деп танылған отбасын анықтайды. Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі «Парасатты отбасы», «Үздік оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «Жомарт отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Ең салауатты  отбасы»  номинациялары беріледі.  Гимназияішілік байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.
 Байқауға белсене қатысуға шақырамыз! Сәттілік тілейміз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив