12
декабрь
2025
Гимназия «Үздік ондық - 2025» кубогымен марапатталды
Тараз қалалық білім бөлімі жас буынның ғылымға деген талпынысын айқындап, олардың жетістіктеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырған «Ғылымға қадам басамыз!» атты іс-шарада Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы 10 үздік мектептің қатарынан көрінді. Аталған шарада гимназияның педагогикалық ұжымы білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, ізденісін қолдау және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырудағы нәтижелі еңбектері үшін Тараз қаласының әкімі Б.Орынбековтің Алғыс хатымен және «Үздік ондық - 2025» кубогымен марапатталды.