Жетістіктеріміз » Страница 5 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық “Хас шебер” қолөнершілер фестивалі
20
декабрь
2023
Республикалық “Хас шебер” қолөнершілер фестивалі
2023 жылы желтоқсан айының 17-19 күндері аралығында Астана қаласында Отандық өнімдерді дамыту мақсатында республикалық “Хас шебер” қолөнершілер фестивалі өтті. Аталған іс-шараға гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қ.Абдукадирова қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп қайтты.
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама” байқауы
08
декабрь
2023
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама” байқауы
Тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Лаубай Тоғжан Құралбайқызы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама” байқауында ІІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!
Х халықаралық шығармашылық байқауы
05
декабрь
2023
Х халықаралық шығармашылық байқауы
«Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Х халықаралық шығармашылық байқауынан гимназияның математика пәнінің мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бакытжанұлы ІІІ орын және 50000 теңге қаржылай сыйақы иеленді. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
“Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
15
ноябрь
2023
“Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының қалалық кезеңі
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінен гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімдері Сандыбаева Перизат пен Токкожаева Ақбөпе І орынды иеленді. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі қорытындысы
10
ноябрь
2023
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі қорытындысы
2023 жылы Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі қорытындылары бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің арнайы дипломына ие болды.
“Зерек ұстаз” республикалық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы
07
ноябрь
2023
“Зерек ұстаз” республикалық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасы
“Зерек ұстаз” республикалық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасында гимназиямыздың математика пәні мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды.  
Математика пәні мұғалімдерінің ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
07
ноябрь
2023
Математика пәні мұғалімдерінің ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Жамбыл облысы математика пәні мұғалімдерінің ІІІ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНДА гимназиямыздың математика пәні мұғалімі Ізмұханов Нұрдаулет ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  
Гимназия түлегі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды
11
июнь
2022
Гимназия түлегі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы №45 гимназияны бітірген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты. 1994-1995 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ғылыми қызметкері, 1995-1997
Үздік физика пәні мұғалімі
01
июнь
2021
Үздік физика пәні мұғалімі
🏆Облыстық физика пәні мұғалімдері арасында өткен "Үздік физика пәні мұғалімі" байқауының ІІ орын иегері Курманова Назым Жарылхасыновнаны құттықтаймыз!