07
сентябрь
2020
Директордың бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау ісі жөніндегі орынбасары
Мамырова Гульмира Айсарыевна
- 1984 жылы 1 қарашада Түркістан облысы Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген.
- Білімі жоғары, 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Биология» мамандығы бойынша аяқтаған. Биология магистрі.
- Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында биология пәнінің мұғалімі болып бастаған.
- 2007-2011 ж.ж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Тараз институты, «биология» кафедрасында «оқытушы» қызметін атқарған.
- 2011-2014 ж.ж. Тараз қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында «оқытушы» қызметін атқарды.
- 2014-2020 ж.ж. Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «биология пәнінің мұғалімі» қызметін атқарды.
- 2020 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Б.Момышұлы атындағы №45 гимназиясының директорының бағалау тапсырмаларын дайындау және сараптау ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
- Жалпы жұмыс өтілі: 19 жыл, санаты: педагог-сарапшы, үшінші санатты басшы орынбасары.