Ақпарат » Страница 6 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
Облыстық “Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтер байқауының жүлдегері
13
март
2026
Облыстық “Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтер
Облыстық “Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтер байқауынан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тұрсынбай Назерке 3-орын иеленді. Назеркені жеңісімен құттықтаймыз!
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Е” сыныбы Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романын талдады
13
март
2026
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Е” сыныбы Міржақып Дулатұлының
Оқушылар шығарма арқылы әйел тағдыры, ескі салттың зардабы және адам еркіндігі мәселелері жайында пікір білдіріп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасады. Талқылау барысында өз ойларын еркін айтып, шығармадағы оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыра білді.
5-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді
13
март
2026
5-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында
Тренингтің мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылықтың мәнін түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарап, мейірімді болуға тәрбиелеу. 
“Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтердің республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы
04
март
2026
“Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтердің республикалық
“Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтердің республикалық байқауының қалалық кезеңінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Турсынбай Назерке Ғаниқызы І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Ж” сыныбы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін талдады
04
март
2026
“TALQILIKE” жобасы аясында 7 “Ж” сыныбы қазақ әдебиетінің көрнекті
Оқушылар шығарма арқылы ата-ана мен бала арасындағы рухани байланыс, перзенттік парыз және туған жердің қадірі жайында пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, өз көзқарастарын ашық жеткізді.
Ана – мейірім мен махаббат
04
март
2026
Ана – мейірім мен махаббат
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 5-сынып оқушыларымен «Ана – мейірім мен махаббат» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор интерактивті іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар 8 наурыз мерекесінің тарихымен танысып, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмаларды орындап, ананың, әйелдің отбасындағы және қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Оқушылар аналарына және бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, сыйластық пен мейірімділіктің маңызын сезіне білді
5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары
03
март
2026
5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
5–6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! • Математика пәнінен 5-сынып оқушысы Анарбай Алдияр І орын, жетекшісі: Сейдалиева Айгуль Нурлыбаевна • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сынып Хайролла Сезім ІІ орын, жетекшісі: Абдикаримова Райхан Умирбековна • Жаратылыстану пәнінен 6-сынып Сарыбай Дінмұхаммед ІІІ орын, жетекшісі: Примкулова Айгерим Абайдулаевна