Ақпарат » Страница 34 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 34
Серіктес №43 мектептің биология пәні мұғалімдерінен құралған фокус топ мүшелерімен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізді
20
январь
2025
Серіктес №43 мектептің биология пәні мұғалімдерінен құралған фокус
Биология пәні мұғалімі Т.Мейіртан серіктес №43 мектептің биология пәні мұғалімдерінен құралған фокус топ мүшелерімен бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу тобының мұғалімдері білім сапасын төмен көрсеткен 7в сыныбымен Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері білім алушылардың оқу үлгерімін қаншалықты жақсартады? деген зерттеу сұрағымен жұмыс жасады. Зерттеу сабағын биология пәнінің мұғалімі Н.Мәнісбек өтті. Зерттеу сабағынан кейін талдау жүргізіліп, келесі циклдің зерттеу сұрағы анықталды.
8-сынып оқушыларымен “Абайдай бол!” интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды
20
январь
2025
8-сынып оқушыларымен “Абайдай бол!” интеллектуалды ойыны
8-сынып оқушыларымен “Абайдай бол!” интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттай отырып, білім алушыларды даналарымызды бағалай білуге тәрбиелеу, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін оқушылардың бойына сіңіру. Кезеңдері: 1."Абай туралы не білеміз?" 2."Адасқан сөздер"
 3."Қазақта қара сөзден дес  бермедім..." Нәтижесінде қатысушы топтар дипломдармен марапатталды.
Серіктес №43 мектептегі әріптестерімен Сабақты зерттеу тәсілінің ашық циклындағы сабақтарға қатысып, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізді
17
январь
2025
Серіктес №43 мектептегі әріптестерімен Сабақты зерттеу тәсілінің ашық
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің көшбасшы мұғалімдері А.Наримбетова, А.Ваисова серіктес №43 мектептегі әріптестерімен Сабақты зерттеу тәсілінің ашық циклындағы сабақтарға қатысып, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу сабақтарын бақылау, талдау бойынша ұсыныстар айтылып, әдістемелік қолдау көрсетілді. 
9 – сыныптар арасында «Мамандықтың бәрі маңызды» атты дөңгелек үстел өтті
17
январь
2025
9 – сыныптар арасында «Мамандықтың бәрі маңызды» атты дөңгелек үстел
https://youtube.com/shorts/I_sF7FMr7cc?feature=share Мақсаты: технологияның қарқынды дамуына, цифрландыруға, қоғамдағы өзгерістерге байланысты жаңа мамандықтар түрлерін таныстыру, ақпарат беру. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 
7-сынып оқушыларымен Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай әдеби круиз ұйымдастырылды
17
январь
2025
7-сынып оқушыларымен Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай әдеби круиз
7-сынып оқушыларымен Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай әдеби круиз ұйымдастырылды. Мақсаты: Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу. 📖Оқушылар ақынның өмірі, шығармашылығы жайлы сұрақтарға жауап беріп, берілген тақырыптар бойынша постер қорғап, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушы топтар дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
8-сынып оқушыларымен “Жас географтар” сайысы ұйымдастырылды
16
январь
2025
8-сынып оқушыларымен “Жас географтар” сайысы ұйымдастырылды
8-сынып оқушыларымен “Жас географтар” сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың пәннен алған білімдерін сынау, ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.    🌍Нәтижесінде 8 “Ә” сыныбынан құралған “Жұлдыз” тобы III орын, 8 “А” сыныбынан құралған “Алаш” тобы II орын, 8 “Б” сыныбынан құралған “Берлин” тобы I орынды иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 
Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” жүлдегері
13
январь
2025
Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” жүлдегері
2025 жылдың 10-11 қаңтар күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған “Педагогикалық идеялар фестивалінде” директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маталиева Аида Ертаевна ІІІ орын иеленді! Аида Ертаевнаны жүлделі орнымен құттықтаймыз!