07
апрель
2026
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11(12) сынып оқушыларына арналған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА жүлдегері

Білім додасында топ жарып, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11(12) сынып оқушыларына арналған РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Аязбек Аружан қола медаль иеленді. Бұл – талмай ізденген еңбектің, сарқылмас талап пен білімге деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Жетекшісі: педагог-шебер Мырзабекова Қарлығаш Ерғарақызы – шәкірт жүрегіне білім нұрын құя білген ұлағатты ұстаз.
Аружанға алдағы асулардан абыроймен өтіп, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!Мектебіміздің мерейін асырған мақтанышымыз!
Аружанға алдағы асулардан абыроймен өтіп, жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!Мектебіміздің мерейін асырған мақтанышымыз!