24
октябрь
2025
Республикалық “Үздік педагог – 2025” байқауының жеңімпазы

Гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Лаубай Тоғжан Құралбайқызы педагогтердің кәсіби беделін арттыру және қоғамдағы мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған республикалық “Үздік педагог – 2025” байқауының жеңімпазы атанды!
Лаубай Тоғжан Құралбайқызы – шығармашыл, ізденімпаз, өз ісінің шебері.
Республикалық “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасының жеңімпазы;
Республикалық “Үздік авторлық бағдарлама” конкурсының жеңімпазы;
Республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалінің” жеңімпазы;
Республикалық “Олимп шыңы” пәндік олимпиадасының жеңімпазы;
Сонымен қатар «ӘУЛИЕАТА ҮМІТІ» жастар сыйлығының «Үздік жас мұғалім» номинациясының иегері!
Республикалық деңгейде үздік деп танылған Тоғжан Құралбайқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тоғжан Құралбайқызы - білім мен еңбектің, ізденіс пен табандылықтың нағыз үлгісі!
Табысыңыз көбейіп, биік белестерді бағындыра беріңіз, құрметті ұстаз!