11 - сыныптарға » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
декабрь
2018

11 - сыныптарға

«Абай жолы»-Мұхтар Әуезовтыңәлемге әйгілі тарихиромандартоптамасы - қазақтың тұңғышэпопеясы. 1-кітабы 1942ж., 2-сі 1947ж., 3-томы 1952ж., 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты."Абай жолы” эпопеясының танымдық мәні туралы айтқанда Абай заманын, сол ортаны, Абайдың ақындық, азаматтық тұлғасын, өнерпаздық жолын танытуы арқылы әдебиеттану, соның ішінде абайтанудың өзінің одан әрі өрістеп, дамуына әсер-ықпалы да аса зор болды дейміз. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этнография секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап көрсеткен болатын. Ал жалпы халықтық мүдделер тұрғысынан келгенде, біз "Абай жолы” эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі орасан зор рөлін баса айтуымыз қажет.
 
 
«Қазақ солдаты» романы – майдан шындығы туралы көрініс тапқан патриоттық тақырыптағы туынды. Бұл шығарма – бүкіл қазақ әдебиетініңпроза саласындаекінші дүниежүзілік соғыстақырыбына арналған тұңғыш туынды және жазушыҒабит Мүсіреповтіңтұңғыш романы. Шығарма қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. Сонымен қатар романда тұңғыш рет әр түрлі ұлттағы Халықтардың бауырмалдық достығын көрсетілді. Жауынгерлердің өшпес ерлігі, еліне, жеріне деген патриоттық сезімі сипатталды. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.


 
Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін” дилогиясы Ұлы Отан соғысының шындығын аша отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігіне назар аударады. Роман соғыс алапатына түсіп қалған жас келіншек Нәзираның атынан баяндалады. Соның көзімен берілетін соғыстың қатал шындығы оқырманды әртүрлі күйге түсіріп, адам тағдырының ойыншыққа айналғанына қынжылтады. Академик С.Қирабаевша тұжырымдасақ, бұл роман "соғыс шындығы арқылы көрінетін адамзаттық гуманизмді бекіте түсетін” шығармалар қатарынан саналуға тиісті. Жазушы "Шырағың сөнбесінде” соғыстың қатал шындығын суреттеумен шектеліп қалмай, адам өміріндегі күрделі құбылыстарды психологиялық тұрғыдан тарқатады. Бас кейіпкер Нәзираның апасы айтқандай, адам баласы ең алдымен шырағын сөндіріп алмауы керек. Сонда ұрпақ жалғастығы да тоқтамайтын болады.
 
 

 
Ә.Нұрпейісов «Соңғы парызда» бүтін бір ғасырдың сұмдық зұлматымен жекпе-жек шығып, онымен есеп айырысуға кіріскен деуге болады. Бұл – нағыз лирикалық эпопея!«Соңғы парыз» ажал аузында жатқан теңіздің азалы жоқтау жыры ретінде де өте тартымды оқылады. Бұл – романның ең басты сюжеттік арнасы. Осындайда сонау 70-80 жылдардағы баспасөзде жарияланған Арал туралы, Арал апаты туралы мақалалар мен репортаждар еске түседі. «Міне көз алдымызда бір кездегі арнасынан асып, ақтолқынын аспанға шашып жататын алып теңіз ауру меңдеген адамдай жантәсілім еткелі жатыр». «Арал теңізі жойылып барады. Ауа уланған. Халықтың күнкөрісі қиындап кетті. Олар соған қарамастан ата-бабасының сүйегі жатқан, өздері жар құшып, ұрпақ сүйген туған жерінен табан аударып басқа жақтағы ешбір жұмаққа барғысы келмейді. 
 
 
 

 
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңінедейін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.

 
 
Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген. Повестің бізге берер тәрбиесі, тағылымы көп. Балалардың бойындағы патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. Осындай шығармалар арқылы ертеңге еге болар ұлтжанды ұрпақтар көбейеді.«Заманай мен Аманай»–қазақ прозасыныңүлкен табыстарының бірі,Сәкен Жүнісовтіңповесі.ПовестеXX ғасырдыңотызыншы жылдарындағы заман дүрбелеңі суреттелген.Хамза Есенжановтың«Жүнісовтар трагедиясы» романындаЖайыққазақтары басынан кешкен азапты өмір,Төлеген Әбдіковтың«Өлара»,Смағұл Елубаевтің«Мінәжат» романдарындағы кеңестендіру саясаты тұсындағы қазақ ауылдарының тағдыры бұл повестің арқауына айналған. Сәкеннің «Заманай мен Аманай» туындысы романға арқау боларлық жүкті арқалаған.Туындыға заман дүрбелеңіне тап келген қазақ ауылдарының тағдыры оқиға етіп алынған. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген.

 
 
Жазушы бұл романда Шығыс Түркістан халқының тарихындағы осы бір кезеңді өзінің ішкі-сыртқы қайшылықтарымен көрсете алған. Шығарманың басты кейіпкері – Демежан. Романның сюжеттік-композициялық тұтастығын дәнекерлеп тұрған негізгі арна да – Демежан, сонымен бірге оның қиянатшыл, әділетсіз Маншың өкіметінің зорлығына қарсы күресі. Демежан төңкеріс жасап, көтеріліске шықпаса да, әділетсіздікпен күресудің өзге амалын таңдаған. Ол халқының ауызбірлігін, елдігін сақтап қалу жолында тер төгеді. Шығармадағы Демежан характерінің қалыптасуын көрсететін әлеуметтік даулар толып жатыр. Солардың қай-қайсысы болмасын Демежан образын толықтыра түседі.
 

 

 
«Үркер»- қазақ жазушысыӘбіш Кекілбайұлыныңкіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайды сипаттайтын көлемді тарихи романы. Бұл тарихи жағдайға арнап Әбіш Кекілбайұлы «Үркер» (1981) және «Елең-алаң» (1984) атты екі роман жазған. «Үркер» романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма.Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармадаталай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған.


 
«Ақбілек» романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. «Ақбілек» романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,әйел теңсіздігіШығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соңқалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
 




 
XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, 
тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - Сұлтанмахмұтты қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны, ғажап ақыл- ойшысы, С.Торайғыровтың бүкіл шығармашылығы - дербес өзі дүние, рухани жиһаз қып жаратқан тұтас болмыс өнер. Бітімі бөлек, ғибраты құнды шығармасы – «Қамар сұлу» романы.
 




 
«Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек онымен біткен жоқ. Амангелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Россиядағы жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды.
 


 
Суырып салма ақын мен шебер тілді шешеннің бүгінгі жалғасы Мұхтар Шаханов ағамыз. Өлең өлкесінде айрықша ізі қалдырған ақының «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі белгілі бір сюжетке құрылған, астарлы оймен тереңнен толғаған тамаша туынды. Өлең қартаң әйелдің бауыр еті баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруін баяндаумен басталады. Қызы да құрбы-құрдасының алды болып, жұрт көзіне жарқырай көрінген сұлулығымен белгілі болады.Бір әттеңі, жас қыз сезім шырғалаңына түсіп, өнер адамына (әртіске) ғашық болып қалады. Бұл жағдай анасына ауыр тиеді.
 

 


 
«Пётр Первый»— незаконченныйисторический романА.Н.Толстого, над которым он работал с 1929 года до самой смерти. Две первые книги были опубликованы в 1934 году. Незадолго до своей смерти, в 1943 автор начал работу над третьей книгой, но успел довести роман только до событий 1704 года.В советское время «Пётр Первый» позиционировался как эталон исторического романа в духесоцреализма. Автор проводит параллели между Петром Первым иСталиным, на примере Петра оправдывая слом традиционного общества любой ценой и «основанную на насилии систему власти»
 

 


 
Русский инженерПётр Гарин, воспользовавшись разработками своего учителя Манцева, пропавшего впоследствии с экспедицией всибирскойтайге, создаёт «гиперболоид»— аппарат, испускающий тепловой луч огромной мощности, способный разрушить любые преграды.Гарин привлекает на свою сторонуамериканскогопромышленника и финансиста, миллионера Роллинга, с помощью своего аппарата уничтожив заводы его немецких конкурентов. На средства Роллинга Гарин захватываетнеобитаемый островвТихом океане, где с помощью гиперболоида начинает добычу золота из ранее недосягаемых недр Земли. Получив доступ к неограниченным запасам золота, Гарин подрываетзолотой паритет, чем вызывает в капиталистическом мире тяжелейший финансовый кризис, благодаря которому скупаетпромышленность СШАи становитсядиктаторомпод именем Пьер Гарри. 
 


 
Впроизведении— две сюжетные линии, каждая изкоторых развивается самостоятельно. Действие первой разворачивается вМоскве втечение нескольких майских дней (дней весеннего полнолуния) в30-х гг. XXвека, действиеже второй происходит тоже вмае, новгороде Ершалаиме (Иерусалиме) почти две тысячи лет тому назад— всамом начале новой эры. Роман построен таким образом, что главы основной сюжетной линии перемежаются главами, составляющими вторую сюжетную линию, причём эти вставные главы являются тоглавами изромана мастера, торассказом очевидца событий Воланда.
 




 
«До́ктор Жива́го»— романБориса Пастернака. «Доктор Живаго» создавался им в течение десяти лет, с1945по1955 год, и является вершиной его творчества как прозаика. Роман сопровождён стихами главного героя—Юрия Андреевича Живаго.Рисуя широкое полотно жизни российской интеллигенции на фоне драматического периода от начала столетия доВеликой Отечественной войны, сквозь призму биографии доктора-поэта книга затрагивает тайну жизни и смерти, проблемы русской истории, интеллигенции и революции, христианства, еврейства.Книга была негативно встречена советской официальной литературной средой и запрещена к изданию из-за неоднозначной позиции автора по отношению кОктябрьской революции 1917 годаи последующей жизни страны.
 




 
Юрий Домбровский (1909–1978) – один из самых сильных русских прозаиков ХХ века, человек трагической судьбы, переживший несколько арестов и ссылок, но не сломавшийся.
Начатый в ссылке в Алма-Ате роман «Хранитель древностей» считается почти автобиографическим. Зыбин, интеллектуал-одиночка, сотрудник музея, уверен, что предметы старины – не мертвые ценности, а живая и теплая часть истории. Он пытается не замечать происходящего вокруг – глухих арестов, нагнетаемой истерии. Но постепенно начинает понимать, что 1937 год равен вселенской катастрофе и надо внутренне противостоять этому «разрушению».
Роман напечатан на исходе оттепели, был тут же переведен на Западе и вызвал там большой шум. Отечественная критика его просто «не заметила». Надвигались другие времена…
 




 
Вершина творчества писателя— роман «Факультет ненужных вещей», начатый им в 1964 году и законченный в 1975 году. Это книга о судьбе ценностей христианско-гуманистической цивилизации в мире антихристианском и антигуманистическом— и о людях, которые взяли на себя миссию верности этим идеалам и ценностям, «ненужным вещам» для сталинского строя. Главные антигерои в романе— работники «органов», чекисты— нержавеющие шестерёнки бесчеловечного режима. В СССР роман напечатан быть не мог, но в 1978 году он был опубликован на русском языке во Франции.
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив