Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатуға, адалдық пен достыққа баулу, өзара әрекеттесіп, түрлі жағдайларды шешуге үйрету. Тренинг барысында оқушылар ашық ой бөлісіп, бір-біріне сенім мен қолдау көрсетудің маңызын түсінді.
https://youtube.com/shorts/35EdIB5w4BQ Оқушылардың белсенділігін арттыру және жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында «Көңілді үзіліс» ұйымдастырылды. Үзіліс барысында оқушылар түрлі ойындар ойнап, бір-бірімен қарым-қатынас орнатты.
"Педагогикалық идеялар панорамасы" республикалық байқауының өңірлік кезеңінен І орын алған биология пәнінің мұғалімі Мейіртан Талғат және ІІІ орын алған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұсақова Гаухарды құттықтаймыз!
Өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Тойшыбекова Гулмира Мырзакелдіқызы Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маталиева Аида Ертаевна “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз!