2015-2016 оқу жылы » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2015-2016 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

    

  2015 жылы тамыз айында Ж.Е.Есимханова директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларының тамыз кеңесінде тәжірибесімен бөлісті.

 

 1 қыркүйек 2015 жыл, Алғашқы қоңырау

  

 Қыркүйек 2015 жыл, 1 «Ә» /Туғанбаева Д./, 5 «Ә» /Айтенова Б./, 8 «Ә» /Ержігітова А./ сыныптарында тәрбие сағаттары МАИ қызметкерлерінің қатысуымен өтілді. 2-сынып жетекшілері бірлесіп, мәжіліс залында «Жолда жүру ережелерін білу - басты міндет» тақырыбында ұйымдастырған ертеңгілікке де ІІД ӘБ аға инспекторы, полиция майоры Әбзелбектегі Нұрғали қатысып, оқушылармен әңгіме жүргізді, таратпа қағаздарын үлестірді.

    

02 қазан 2015жыл №1 қарттар мен мүгедектер интернат үйінде «Қарттарымызды қадірлейік!» атты тақырыпта «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы оқушылары концерттік бағдарлама өткізіп, қарттарға сыйлықтар тапсырды.

   

    

    

2015 жылы «Педагогикалық ұжымнан – кәсіби қоғамдастыққа» Фестиваль өтілді.

 

 

 

Желтоқсан 2015 жыл, Майдангер жазушы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 105 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік және әскери мұрасы» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары жинағы шықты

 

     

 Қасымбекова ҒайшаСейтмұхамбетқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Желтоқсан 2015 жыл, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер баларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп интернатының әкімшілігінен Алғыс хатпен марапатталды.

 

 Қаңтар 2016 жыл, «Мәңгілік ел үміттері» республикалық дарынды оқушылар антологиясына 187 оқушы енді.

 

 Ақпан 2016 жыл, Ұлттық қазына, рухани байлық, салт-дәстүрді сақтап, одан әрі дамытатын жас жеткіншектердің өнерін дәріптеумен қатар, олардың ұлттық намысын жігерлендіріп, жаңа биіктерге талпындыру арқылы білім мен даналықты бойына жинаған ұлдарымызды тәрбиелеу мақсатында "Жігіт сұлтаны-2016” байқауы өтті. Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Әбітай Мағжан жеңіске жетті.

     

 Жұматай Раушан Ахметбекқызы

бастауыш сынып мұғалімі

Наурыз 2016 жыл, Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Г.Р.Заурбекованың Құрмет грамотасымен марапатталды.

    

 2015 жылы «Гимназия жағдайында оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамытудың тиімді жолдары» атты облыстық семинар өткізілді

 

    

6 сәуір 2016 жыл, «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже» атты тақырыпта сынып жетекшілер арасында коучинг өткізілді.

      

Сәуір 2016 жыл, Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында іс-шара өтіп, оған арнайы қонақтар шақырылды. Облыстық мәслихат депутаты, ҚАЗ ФОСФАТЖШС бас директоры Искандеров Мұқаш Зулқарнайұлы. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысы филиалының Адами капиталды және әлеуметтік серіктестікті дамыту бөлімінің басшысы Ахымбеков Талғат Сәрсенбайұлы. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысы филиалының Экономика бөлімінің басшысы Ерахынов Нұрлан Оразбайұлы. Бұл кездесу болашақта өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты анықтауға,оқушыларға өз таңдауларын дұрыс жасауға бағыт берді.

     

21 сәуір 2016 жыл 2016 жыл. «Сүйікті гимназияма 30 жыл!»

        

1 мамыр 2016 жыл Ұлттар бірлігі күні

 

8 мамыр 2016 жыл, «9 мамыр - Жеңіс күні» тақырыбында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Отан соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Қонақтар өз өмірлерінен қызықты мысалдар келтірді, соңынан сый-сияпатты қабыл алды.

       

  Фазылова Роза Сарманқызы

Математика пәнінің мұғалімі

2016 жыл, Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткінщектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Жауынбекованың Құрмет грамотасымен марапатталды.

      

Исрайлов Нурлан Садыкович

География пәнінің мұғалімі

2016 жыл, Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткінщектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы С.Құрманбекованың Құрмет грамотасымен марапатталды.

        

Халықаралық FLEX байқауының жеңімпаздары Ержигитова Сания мен Алтынханова Арайлым 2015-2016 оқу жылында АҚШ-та білім алды.

 

2015-2016 оқу жылының түлегі Балтабай Аружан Польшада Краков университетінде білім алуда

 

 

2015-2016 оқу жылының 4 сынып бітірушілер. Сынып жетекшісі: Ахметова Күмісай Ұзаққызы

  

25 мамыр 2016 жыл, «Үздік гимназист-2016» иегерлері

  

25 мамыр 2016 жыл, Соңғы қоңырау

  

 

 2016 жыл, 11 сынып бітіруші түлектер. Сынып жетекшілер: Калдарова Алтын, Дауылбаева Бибігүл, Шотаева Жамиля.

 Көбеев Сұлтан Ержанұлы

2015- 2016 оқу жылыныңпрезиденттік олимпиаданың ІІІ орын жүлдегері, «Алтын белгі» иегері. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының грант иегері.