1 қыркүйек 2013 жыл, Алғашқы қоңырау
2013 жыл, гимназия директоры Ниязбекова Айша Бердешқызының алдағы оқу жылының жоспарын орынбасарларымен талқылау сәті
Құрманбекова Роза Сатбековна
31 тамыз 2013 жыл, бұйрық №126 т3 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды
Есимханова Жазира Есимханқызы
31 тамыз 2013 жыл, бұйрық №126 т.9 директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды
2013 жыл, 1 сынып оқушылары сынып жетекшісі Балтабаева Н.Т.
26-27 қыркүйек 2013 жыл, Қаспақов Мұрат Шархиябекович математика пәнінің мұғалімі, Математика мұғалімдерінің І шығармашылық республикалық байқауында республикалық физика-математикалық мектеп директоры Макишов Қайрошпен бірге
26-27 қыркүйек 2013 жыл, Қаспақов Мұрат Шархиябекович математика пәнінің мұғалімі, Математика мұғалімдерінің І шығармашылық республикалық байқауында Физика – математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаевпен бірге
26-27 қыркүйек 2013 жыл, Қаспақов Мұрат Шархиябекович математика пәнінің мұғалімі, Математика мұғалімдерінің І шығармашылық республикалық байқауына қатысушы.
2013-2014 оқу жылында «Оқушылардың зерттеушілік мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы қалыптастыру» тақырыбында эксперимент алаңы ашылды
2013-2014 оқу жылынан (e-learning) электрондық оқыту жүйесі жобасы енгізілген. Әрбір оқу кабинеттерінде мұғалімнің жеке компьютері бар.
2014 жыл, Үздік ата-аналар байқауы
Жұмабаева Халила Жұманазаровна
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
11 желтоқсан 2013 жыл, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды
Жамбыл Тараз қоғамдық – саяси апталық газет 15 қаңтар 2014 жылғы №3 (1185) санында жарияланды. Пәндік олимпиада жүлдегерлері Сауқымбекова Мадина, Ержигитова Сания
2014 жылдың 25 ақпан күні бастауыш сынып оқушылары арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Байқауға оқушылар аса қызығушылықпен қатысты. Нәтижесінде 3 – сынып оқушылары Ескермес Ақерке мен Берік Болат жеңіске жетті.
2014 жыл Республика көлемінде «Мектеп жағдайында адами капиталды дамытуды басқару» тақырыбында жинақ түрінде тәжірибе таратылды
27 ақпан 2014 жыл, ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов пен ҚР пример министрінің орынбасары Г.Әбдіхалықованың гимназияға келуі
2013 жыл, Наурыз мейрамы
Сәуір 2014 жыл, Халықаралық «Ақ сұңқарым» байқауының жеңімпаздары: 6 сынып оқушысы Досымбек Бауыржан ІІІ орын, 2 сынып оқушылары Ахмет Жания, Ахмет Дания ІІ орын иегерлері.
2 мамыр 2014 жыл, Тараз қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Рахметов Абилда атамызды гимназия оқушылары меркемен құттықтап барып, үй шаруасына көмек көрсетіп, сый-сияпат табыстады. Ардагер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз өмірінен қызықты мысалдар айтып берді.
5 мамыр 2014 жылы мектеп директорларына арналған «Ұжымды басқару: жетекшілік, көшбасшылық,команда құру» семинар өткізілді.
Фазылова Роза Сарманқызы
Математика пәнінің мұғалімі
14 тамыз 2013 жыл, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
2014 жыл, Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары көрсеткіш көрсеткені үшін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.Қожаеваның Құрмет грамотасымен марапатталды
06 мамыр 2014 жыл, «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні», «9 мамыр - Жеңіс күні» тақырыбында мерекелік бағдарлама гимназия ауласында өтті. Бағдарлама барысында ер мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат жасалынды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Өз өмірлерінен қызықты мысалдар келтірді, соңынан сый-сияпатты қабыл алды.
Мамыр 2014 жыл, Жеңіс күніне орай 2 «А», 3 «В» сыныптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында оқушылардың Жеңіс күні, Ұлы Отан соғысы, соғыс кезіндегі ата-бабаларымыздың ерлігі туралы түсініктері қалыптасып, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу басшылыққа алынды
2013 жыл, Қажымұқан Нұрбек 10 сынып оқушысы Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының апталық кезеңінде ІІ орын, айлық кезеңінде ІІ орын, маусымдық кезеңінде І орын
2013 жыл, Жұмақадыр Нұрай
7 сынып оқушысы «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» «Өзін-өзі тану» пәні бойынша І республикалық олимпиаданың жүлдегері /ІІІ дәрежелі диплом/
<!-- TBegin: