2012-2013 Оқу жылы » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2012-2013 Оқу жылы

2012-2013 Оқу жылы

 Маусым 2012 жыл, Гимназия 2-4 сынып  оқушылары  Әлімхан Айбек, Альбердиев Әлтарази, Әсембек Уалихан Республикалық «Бастау-2012» математикалық турнирінде І лигада ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Тойшыбекова Гүлмира Мырзакелдіқызы

    

    

 Бегимбаева Раиса Саухимовна

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

4-6 шілде 2012 жыл, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған жалпы Ресейлік съезге қатысты.

         

 Тойшыбекова Гүлмира Мырзакелдіқызы

 Бастауыш сынып мұғалімі

Тамыз 2012 жыл, Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан қомақты үлесі мен еңбекте қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін және білім қызметкерлерінің тамыз кеңесіне орай Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды

 

     

 1 қыркүйек 2012 жыл, Алғашқы қоңырау 

 

 Кенжебекова Рахат Жұмаққызы

 1 қыркүйек 2012 жылы бұйрық №122 т.15 директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

 

 Сарсембекова Айнур Егетайқызы

 2 қыркүйек 2012 жыл, бұйрық №122 т.18 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

 

 Бектұрғанов Бауыржан Өмірзақұлы

 21 қыркүйек 2012 жыл, бұйрық №131 директордың кәсіптік – бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

       

 Қасымбекова Ғайша  Сейтмұхамбетқызы

 Бастауыш сынып мұғалімі

27 қыркүйек 2012 жыл, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

 

 Гимназияға 2012 жылы  жаңа модификациялы химия кабинеті берілді.

 

 2012 жылдың 25 қазан күні қалалық мәдениет үйінде өткенқалалық «Сағындырған әндер-ай» ретро әндер байқауына бастауыш сынып мұғалімі Туғанбаева Дана қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Гимназияның жас  ұстаздары әнді бимен көркемдеді.

 

 2012 жылдың 10 қараша күні  жоғарғы сынып оқушылары арасында гимназияішілік «Күз аруы» байқауы өтті. 8-сынып оқушысы Жақсылық Мадина жеңіске жетті.

    

1 желтоқсан 2012 жыл, Елімізде алғаш рет Елбасы күнінің аталуына орай көрме жабдықталды. Көрме «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталып, онда оқушылардың Отан, Астана, Елбасыға арналған суреттері көрініс тапты.

 

 

 Қаңтар 2013 жыл,  Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, бірнеше дүркін халықаралық біріншіліктердің жеңімпазы, Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ақжүрек Таңатаровпен кездесу өтті

   

 18 қаңтар 2013 жыл, Боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Артаевпен кездесу өтті.

   

 Мамырова Гульназ Джаксыбаевна

 Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының І орын иегері.

 

  

 

"Көшбасшы жас маман-2013” байқауында  дөңгелек үстелде жас мамандар өз пікірлерін ортаға салуда

 

     

 Мырзабекова Қарлығаш Ерғарақызы

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Наурыз 2013 жыл, Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі Қ.Бозымбаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды

     

  2013 жыл, Қалалық «Әнші балапан» байқауынан 2-сынып оқушысы Керімжан Мөлдір 1-орын иеленді. Мөлдірдің 36 жас өнерпаз  қатысқан байқаудан бәйге алуы – біз үшін мақтаныш!

 

 21 наурыз 2013 жыл,  Ұлыстың ұлы күні Наурыз думан» мерекелік бағдарлама бойынша пән бірлестіктері арасында сайыс ұйымдастырылды.Сайысқа арнайы шақырылған ардагер ұстаздар қазылық етті. Қатысушылар түгелдей ұлттық киімде, 2 тапсырма бойынша жарысты:1-тапсырма - «Қош келдің, әз Наурыз» - таныстыру,2-тапсырма - «Әз-Наурыздың жыр шашуы» - өнер жарысы. Наурыз мейрамын  насихаттау және көркейту мақсатымен қазақ халқының ежелден атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүр көрінісін көрсетті.

  

 6 сәуір 2013 жыл, Барлық үйірме жетекшілері жұмыс қортындысын, үйірме жұмысы туралы ата-аналарға, гимназия ұжымына есеп беру концертінде көрсетіп,  белсенді атсалысты. Қолөнер үйірмелердің жұмыстары шығармашылық көрмеде көрініс тапса, вокал, би, домбыра, көркем гимнастика, таэквондо үйірмелердің жұмыстары ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар назарына сахна төрінен ұсынылды.

   

 Сәуір 2013 жыл, Гимназия мен ата-аналар ынтымақтастығын нығайту, қазіргі замандағы үлгілі отбасын дәріптеу мақсатында гимназия ата-аналары комитеттері арасында «Үздік ата-аналар комитеті-2013» байқауы өтті. Іріктеу кезеңінің шарты бойынша командалар 5 тапсырма бойынша күш сынасты: «Командамыз жарасқан» таныстыру сайысы, «Ең үздік ата-аналар комитеті» ата-аналар комитетінің 1 жылдық жұмысы туралы слаид презентация қорғау, «Ал, кәнекей, ата-аналар!» «Мектеп-оқушы-ата-ана» тақырыбында жағдаяттар шешу, «Бізге жеткен құнды жәдігер» Ұлы Отан соғысына қатысты және Бауыржан Момышұлының өмірбаянына қатысты жәдігерді табу, дайындау және оны қорғау, мектепішілік музейге сыйға тарту, «Сегіз қырлы, бір сырлы-ата-анамыз осындай» өнер сайысы. Бұл байқауға барлық командалар үлкен дайындықпен келгендіктері байқалды. Ата-аналар ынтымақтастығы мерекені сезіндіріп, гимназия ұжымын куанышқа бөледі. Ата-аналардың мектептің түрлі де қызықты өмірін көрсетуде қолданған арнайы жасалынған декорациялар, слайдттар, киген киімдері мен музыкалық көркемдеудің үлесі зор болды. Байқаудың нәтижесінде 1-4 сыныптар арасында 3 сыныптардан құралған «Болашақ» ата-аналар командасы, 5-7 сыныптар арасында 6 сыныптардан құралған «Парасат» ата-аналар командасы, 8-10 сыныптар арасында 8 сыныптардан құралған «Шапағат» ата-аналар командасы І дәрежелі дипломмен марапатталып, 18 мамыр күні өтетін ақтық кезеңге жолдама алды. Байқауға қатысқан барлық командалардың шығармашылық ізденістеріне гимназия әкімшілігі рахметін айтып, жұмыстарын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.Жеңіске жеткен үш команда ақтық кезеңде 6 тапсырма бойынша күш сынасты, нәтижесінде үш команда да «Үздік ата-аналар комитеті» командасы атағына ие болды.

         

 Мамыр 2013 жыл, гимназия Мектеп іс-тәжірибесін жинақтап шығарды.

         

 Өтегенова Гүлнар Пермеғалиқызы

 Физика пәнінің мұғалімі

2013 жыл, Білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы С.С.Құрманбекованың Құрмет грамотасымен марапатталды

      

 Абдыева Бурулкан Джаамбаевна

 Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қазан 2013 жыл, Ұстаздар мерекесіне орай «Тараз Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Е.Төлендиевтің Ағыс хатымен марапатталды. 

 25 мамыр 2013 жыл, математика пәні мұғалімі Фазылова Роза Сармановна «Жылдың үздік мұғалімі» дипломымен марапатталды

 

2013 жыл 25 мамыр Соңғы қоңырау

    

 26-27 маусым 2013 жыл, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған 8-ші Орталық Азия конференция қатысушылары Абдиева Бурулкан және Доминова Азима.

 2013 жылдың 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай мектеп жанында ұйымдастырылған «Достық» лагерінде «Мемлекеттік рәміздер-егемендік белгісі»  тақырыбында шығармашылық іс-шара өтіп, мемлекеттік Гимн салтанатты орындалды. Іс-шараға 650 оқушы мен мұғалімдер қатысты. Сонымен қатар балалар плакаттарда сурет салып, патриоттық тақырыпта мәнерлеп оқуда күш сынасты. «Астана-арман қала» тақырыбында макеттер жасаудан байқау ұйымдастырылды.

 

 2013 жыл, 4 сынып бітіруші оқушылар. Сынып жетекшісі Балтабаева Н.Т.

 2013 жыл, 4 сынып бітіруші оқушылар. Сынып жетекшісі Тамабекова Н.А.

 2013 жыл, 4 сынып бітіруші оқушылар. Сынып жетекшісі Есжанова Г.Ө.

  

 2013 жыл, Соңғы қоңырау 

 

 2012-2013 оқу жылының 11 сынып бітіруші түлектері 

 

 Көршібек Әділет Нұрланұлы

 2012 – 2013 оқу жылының «Алтын белгі» иегері. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының грант иегері.