Өмірзақов Нағым Түймебайұлы
Өмірзақов Нағым Түймебайұлы 1998 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дүниеге келген. 5 жасында Жаңатас қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің дайындық сыныбына оқуға түседі, 6 жасында бірінші сыныпқа барады да, 5 сыныпты бітірген уақытында отбасы жағдайымен Тараз қаласына көшеді. 6 сыныпты №47 орта мектепте бастайды, онда бір тоқсан оқып, ары қарай оқуын Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында жалғастырады және 2015 жылы сонда аяқтайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесіндегі конкурс бойынша Алматы Энергетика және Байланыс Университетіне электроэнергетика мамандығына оқуға түседі. Онда конкурстық негізде ағылшын тобына өтеді.
Бірінші курста «Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттерінің VIII республикалық пәндік олимпиадасында» физика пәні бойынша 3 дәрежелі дипломмен мараптталады. Бірінші курс соңында жарияланған қос диплом бағдарламасы бойынша тестілеуден өтіп, АЭжБУ мен қатар «Московский энергетический институт»-тың экономика(антикризисное управление) мамандығының бірінші курс студенті болады, 2017 жылы «За высокие достижения в учебе по программе сетевого обучения НИУ МЭИ - АУЭС» грамотасымен марапатталады. Екінші курс студенті кезінде социология, философия ғылымдарына қызығушылық танытып, университет оқытушыларының жетекшілігімен әлеуметтік-гуманитарлық бағытта 5 студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы басып шығарылады, оның үшеуі республикалық конференцияларда жүлделі орындар алған. Сонымен қатар Самрұқ-Қазына және АЭжБУ ұйымдастыруымен өткен «Болашақ энергетиктер арасындағы физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпида»-ға қатысып, университеттік деңгейде екінші орынға ие болса, республикалық деңгейде электроэнергетика мамандығы бойынша жүлделі бірінші орынды иеленеді. Үшінші курста техникалық ғылым пәндердің көбеюіне байланысты ендігі жұмыстары реттелетін электр жетегі жайлы жазылады, оның ішінде асинхронды қозғалтқышты электр жетегі және тұрақты магниті бар синхронды қозғалтқыш негізідегі электр жетегі қарастырылады. Бұл тақырыпта ғылыми жетекшімен республикалық деңгейде 3 ғылыми-техникалық мақала жарияланады, халықаралық деңгейде (Scopus базасында) 2 ғылыми зерттеу мақаласы басып шығаруға қабылданған. 2017 жылы Қарағанды қаласында өткен «Эргономика будущего» атты халықаралық ғылыми жұмыстар жарысында «Низкоуглеродная иницитатива для устойчивого развития городов» номинациясында жеңіске жетеді. 2018 жылы ҚР БжҒМ ұйымдастыруымен өткен «Республикалық Студенттік Ғылыми Жұмыстар» конкурсына қатысып, кафедралық, факультеттік және университішілік іріктеу кезеңдерінен өтіп, республкалық деңгейде электроэнергетика мамандығы бойынша бірінші орынды иеленеді. Қазірге кезде төртінші курс студенті, электроэнергетика мамандығының ішінде «Релелік қорғаныс және автоматика» саласына білім алуда.