Сұлтан Көбеев
Сұлтан Көбеев
Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 2016 жылғы түлегімін және қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде "Құрылыстық инженерия” бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алудамын.
Тоғызыншы сыныптан бастап, Шәменов Абдулла ағай мені математика пәні бойынша қалалық, облыстық олимпиадаларға дайындай бастады және сол кісінің арқасында менің математикаға деген қызығушылығым шынында да оянып, мен бұл ғылымға жай ғана формулалар, теоремалар мен сандар ретінде қарамайтын болдым. Абдулла ағайдың еңбегі мен көп жылдық тәжірибесінің арқасында мен қала, облыс деңгейіндегі оқушылар арасындағы олимпиадаларда бірнеше жүлделі орындарға ие болып, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік алдым. Атап айтқанда, математика пәнінен өткен олимпиадаларда 2013-2014 оқу жылында қалалық кезеңде ІІ орын, облыстық кезеңде ІІІ орын, 2014-2015 оқу жылында қалалық кезеңде ІІІ орын, 2015-2016 оқу жылында қалалық кезеңде І орын, облыстық кезеңде ІІ орынды иеленіп, осы олимпиаданың республикалық кезеңіне және халықаралық XXVIII Азия-Тынық мұхиттық математикалық олимпиадасы мен XV «Жібек жолы» математикалық олимпиадасына қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Менің ойымша, Назарбаев Университетіне түсуіме тікелей себепкер болған бірден бір ұстаз да – осы Абдулла ағай. Сол үшін де мен Абдулла ағайға мен өзімнің шексіз алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, 2015-2016 оқу жылында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өткен VIII президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ орынды және қорытынды республикалық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІІ
орынды иелендім.
Дегенмен, мен үшін мектеп қабырғасында өткізген 11 жыл ішіндегі ең ұмытылмас және сағынышпен еске алатын уақыт – он бірінші сыныптағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық. Сыныптастарыммен кешкі сегіз-тоғызға дейін мектепте қалған, бір-бірімізге білмегенімізді түсіндіріп, ҰБТ-ға бірге дайындалған және мектептегі соңғы айларды ойнап-күліп, әзілдесіп өткізген кездеріміз әлі күнге дейін өмірімдегі ең қызықты шақтар болып қала береді. Менің ҰБТ-де көрсеткен нәтижем – 125 сұрақтың 124-іне дұрыс жауап. Алайда, мен мұны өзімнің емес, бізді оқытқан, біз үшін аянбай еңбек еткен ұстаздарымның жетістігі деп білемін және оларға алғысымды айтамын. Мектеп қабырғасында мен ұстаздарымнан тек фундаменталды білім алып қана қоймай, өзімнің академиялық қабілеттерімді арттырып, уақытымды қалай тиімді пайдалануды және продуктивті болуды үйрендім және өзімнің физика және математика ғылымдарына икемім және қызығушылығым молырақ екенін түсініп, болашақ мамандығымды таңдауда да бағыт-бағдар алдым деп ойлаймын.
Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! Қандай да бір сұрақтар туындап жатса, төменде гі номер немесе электронды пошта арқылы хабарлассаңыздар болады. Бірден жауап бермеуім мүмкін, бірақ міндетті түрде жауап беруге тырысамын.
+77075894522