«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» қалалық конкурсына гимназиямыздан 14 оқушы қатысып, оның 8-і жүлделі орынға ие болды. Атап айтар болсақ: Даниярбекұлы Нұрасыл, Асембек Аскар, Рахимбаева Аяжан , Тұрыс Әмір, Орынбай Нұрай - І-орынға, ал Нурасилова Балзат, Өмірзақ Әнуар, Еламан Альбина, Сәкен Аслан ІІ жүлделі орынға ие болды.
Байқау ережесіне сай, олар 8 негізгі бағыт бойынша : Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика – информатика, физика және техника, медицина мен психология, тарих – өлкетану, этномәдениеттану, химия-биология және экология тақырыптары қамтылған. Облыстық байқауда 6-сынып оқушысы Тұрыс Әмір І-жүлделі орынға ие болып, енді қаңтар айында Ақмола облысы, Щучье қаласында өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғамақ.