Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абдыкасимова Нургуль Баймолдаевна
Лауазымы: Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жалпы еңбек өтілі: 31 жыл
Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 12 жыл
Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 17 қыркүйек 2016 жыл. Бұйрық № 95т2
Абдыкасимова Нургуль Баймолдаевна 1969 жылы 12 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында туылған.
Нургуль Баймолдаевна 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география- биология пәндерінің мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің «Педагогика» бағыты бойынша педагогика магистрі академиялық дәрежесі берілді. География пәні бойынша педагог-зерттеуші.
Еңбек жолын 1995 жылы А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінде география – биология пәндерінің мұғалімі болып бастаған.
2008-2014 жылдар аралығында А.Гайдар атындағы №35 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2014-2016 жылдар аралығында директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдан бастап Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директордың эксперименттік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдан бүгінгі күнге дейін Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
қызметін атқаруда.
2017жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қалалық филиалында «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсынан өткен
2018 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қалалық филиалында критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2021 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Алтынсарин курстарының» сессия бағдарламасы бойынша ҚР педагогтарының біліктілігін арттыруда «Білім беру менеджмент» курсын өтті.
Мектеп директорының орынбасарының кәсіби жетістіктері
2017 жыл «Оқушылардың зерттеу мәдениетін жобалық іс-әрекет арқылы дамытудың педагогикалық аспектілері» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік семинарды ұйымдастырушы, сертификат. 2018 жыл «Жаңартылған мазмұндағы 4,9, және 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерді талқылау» өңірлік әдістемелік семинар, сертификат.
2018 жыл Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция, сертификат
2019 жыл «Оқушылардың білімін бағалау: теория және тәжірибе» тақырыбындағы облыстық ғылыми –практикалық конференциясының материалдарының жинағы.
Марапаттар:
2018 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы, алғыс хат.
2018 жыл «Заманауи педагог» республикалық журналының №01.02 - санында тәжірибелері жарияланған, грамота.
2019 жыл «Жаңартылған білім беру мазмұңы аясында пәндерді оқыту: өзекті мәселелелер және шешу жолдары» облыстық педагогикалық оқулары, алғыс хат.
Нургуль Баймолдаевна өзінің құзыретіне кіретін лауазымдық міндеттерді сапалы орындайды. Білімді, зерттеуші-мұғалім және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман. Ол Елбасының «өмір бойы білім алу» қағидасына сүйене отырып, білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіруде. Қоғамдық орындарда, ұжым ортасында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтай біледі. Өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан, білім бөлімі тарапынан айтылатын сынға себепкер болмаған.
Нургуль Баймолдаевна – ұжым мен ата-ана, оқушы арасында сыйлы, беделді басшы.