Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Құрманбекова Роза Сатбековна
Лауазымы: Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы
директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жалпы еңбек өтілі: 28жыл 8ай, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл 4ай
Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 7 жыл 5ай
Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 31тамыз 2013 жыл. Бұйрық №126т3
Курманбекова Роза Сатбековна 1971 жылы 27 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы, Аққөл ауылында туылған.
Роза Сатбековна 1993 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын инженер-экономист мамандығы бойынша, 2014 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін педагогика–психология мамандығы бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл, 4ай. Экономика пәні пәні бойынша педагог-зерттеуші.
Еңбек жолын 1992 жылы Талас аудандық еңбекпен қамту орталығының экономист-маманы болып бастаған.
1993 жылы шілде айынан Талас ауданы қаржы бөлімінің бас маманы , осы жылдың қазан айынан Қаратау қаласы бойынша салық инспекциясына аға инспектор болып қызмет атқарды.
1994-1998 жылдар аралығында Талас аудандық есеп-санақ бөлімінде экономист болып қызметін атқарды.
1998 жылдан 2013 жылдың 31 тамызына дейін Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында экономика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
2013 жылы 31 тамыздан осы күнге дейін Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларына арналған Тараз қалалық филиалында біліктілікті арттыру курсынан өткен.
2018 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша Тараз қалалық филиалында өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру курсынан өтті.
2019 жылы Орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде 108 академиялық сағат көлемінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінен оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша курстан өтті.
Гимназия директорының орынбасарының кәсіби жетістіктері (соңғы 3 жылдағы):
2017 жылғы «Лучшие люди в образовании» халықаралық энциклопедия жинағына енді.
2017 жылы «Ұлы дала өркениеті» атты Халықаралық Конгресс жинағының 3 томына «Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуы және оның дамуы» мақаласы жарияланды.
2018 жылы оқушысы Серікқызы Әсия жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІІ орын иегері атанды.
2018 жылы «Жаңартылған мазмұндағы 4,9 және 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді талқылау» атты өңірлік әдістемелік семинарға қатысқаны үшін сертификат берілді.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнін енгізудің тиімділігі тақырыбында облыстық дөңгелек үстелде мазмұнды баяндама жасады
2019 жылы оқушысы Серікқызы Әсия Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсының ІІІ орын жүлдегері атанды.
TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне бастауыш 4 «а» сыныбының 36 оқушысы қатысып, нәтижесінде жоғары деңгейге қол жеткізді.
2020 жылы 2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ республикалық математикалық онлайн-турнирінің командалық сынақ бойынша гимназияның 2«б», 3«б», 4«а» бастауыш сынып оқушылары ІІІ орын жүлдегері атанды(Тәліпбек Амира, Кеңшілік Мерей, Дархан Алдияр).
2020 жылы Daryn.online білім беру платформасы мен Gaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп, педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған қашықтан 1-ші республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының І дәрежелі дипломымен марапатталды.
2020 жылы «Ustaz tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған қашықтан экономика пәнінен ұстаздар арасында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай ұйымдастырылған «Батыр мұрасы-таусылмас қазына» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Ұшқан ұя» - отбасылық һәм ұлттық тәрбие көзі атты мақаласы жарияланды.
2020 жылы Кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлының 110 жылдығына орай ұйымдастырылған «Батыр мұрасы - таусылмас қазына» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқаны үшін сертификат берілді.
Алған марапаттары (Мемлекеттік органдардан алған Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары)
2018 жылы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәнін енгізудің тиімділігі тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстелде мазмұнды баяндама жасағаны үшін Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің Алғыс хатымен марапатталды.
2018 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі және 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019-2020 оқу жылында Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Роза Сатбековна өзінің құзыретіне кіретін лауазымдық міндеттерді сапалы орындайды. Бастауыш сынып білім алушыларына сапалы білім мен саналы тәрбие беруде үнемі жаңашылдық пен ізгілікке сүйенеді. Ата-аналармен өзара тіл табысып, жағымды орта қалыптастыра алады. Қоғамдық орындарда, ұжым ортасында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтай біледі. Өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан, білім бөлімі тарапынан айтылатын сынға себепкер болмаған.