Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
01
сентябрь
2020

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Кенжебекова Рахат Жумаковна

                                               
Лауазымы: Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Жалпы еңбек өтілі: 31 жыл 4 ай

Басшы орынбасары ретіндегі еңбек өтілі: 7 жыл 4 ай

Қазіргі лауазымға тағайындалған күні: 2012 жылдың  1 қыркүйегі - 2016 жылғы 19 қыркүйек  аралығы №122 т15 бұйрық  және  2017 жылғы  2 қыркүйектегі  № 110 т2    бұйрық 


Кенжебекова Рахат Жумаковна 1967 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды селосында туылған. 1989 жылы Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтын, «Математика мен қосымша физика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі 31 жыл 4 ай. Математика пәні  бойынша педагог-зерттеуші.

Еңбек  жолын 1989 жыл Қаратау қаласында Ю.М. Лермонтов атындағы мектебінен  бастап, 1990-2001 жылдар аралығында Қаратау  қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектепте  және А.Байтұрсынов атындағы гимназияда физика, математика пәндерінен сабақ берген.

2001 жылдың қыркүйегінен бастап Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында математика пәнінен сабақ берген.

2009 -2010 жылдары «Математика-информатика» бірлестігінің жетекшісі. 

2010 жылдың қыркүйегінен «Жаратылыстану-математика» кафедрасының меңгерушісі.          

2012 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылғы 19 қыркүйегі аралығында   гимназия директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2016-17  оқу жылында математика пәнінің жоғары санатты   мұғалімі.

2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

         2013 жылы «Біліктілікті  арттырудың Кембридждік бағдарламасын ендіру   негізінде  педагогтардың  білім беру   мақсатына  жету  бағытындағы   кәсіби  құзіреттілігін  дамыту» және  «Мектепшілік   аудит: оқу  үрдісінің  сапасын   критериалды  бағалау» атты біліктілігін арттыру курстарынан өткен, Алматы қаласы.

2018ж. «Жаңартылған  мазмұндағы   4,9 және 10 сыныптарға арналған   оқулықтар мен  оқу-әдістемелік  кешендерді   талқылау» атты Жамбыл  облысы  әкімдігінің   білім басқармасы  ұйымдастырған өңірлік әдістемелік  семинарына  қатысқан.   

2018ж. «Назарбаев Зияткерлік  мектептері» ДББҰ  Тараз   қаласы Педагогикалық шеберлік   орталығының филиалы «Қазақстан Республикасының  орта   білім  мазмұнын  жаңарту   шеңберінде  критериалды бағалау  жүйесін енгізу»  бойынша    өңірлік  және  мектеп   үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру курсынан өтті.

2019ж. «Жаңартылған  мазмұндағы   11 сыныпқа  арналған  оқулықтар мен   оқу-әдістемелік  кешендерді   педагогикалық  қауымға   таныстыру  және  талқылау» атты Жамбыл  облысы   әкімдігінің  білім басқармасы  ұйымдастырған өңірлік әдістемелік  семинарына қатысқан.

2019ж. қазақстан Республикасында  орта   білім  мазмұнын  жаңарту   шеңберінде «Математика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  білім беру  бағдарламасын   оқу курсынан  өтті,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру  институты, 2019ж.

Мектеп директорының орынбасарының кәсіби жетістіктері

2018ж. Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған  Республикалық қашықтық  олимпиада   жеңімпазы КІО:  І дәрежелі  дипломы. 

2020ж. І-ші Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының  жеңімпазы. 

2020 ж. ҚР Білім  және  ғылым министрлігі  «Дарын» республикалық  ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған  «Жалпы   білім  беретін  пәндер   бойынша  мұғалімдерге арналған республикалық  олимпиаданың»   жеңімпазы. 

2020ж.  Математика пәні бойынша мұғалімге арналған Республикалық қашықтық олимпиадада KIO   ІІІ-дәрежелі диплом алған. Математика пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиада жеңімпазы KIO І-дәрежелі диплом иегері.

«Алгебралық вектор әдісін пайдаланудың  кейбір ерекшеліктері» мақаласы «Ұлы  дала елі  құндылықтары  және   ғаламдық білім беру  индустриясындағы  интеграция» атты  республикалық   ғылыми практикалық   конференциясының  жинағында  20.01.2017 ж. жариялады.

«Математика  сабағында   жаңа  технологияларды  пайдалану» мақаласы  «Рухани   жаңғыру: ХХІ ғасырдағы  заманауи білім  беру  кеңістігінің   парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық  конференциясының  мақалалар жинағында 23.02.2018 ж. шығарды. 

«Оқушымен әлеуметтік жұмыс  жүргізу – өзекті мәселе»  атты мақаласы  «Педагогикалық білім: дәстүрлері, инновациялары, ізденістері, келешегі» атты                                        ІХ Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясының еңбектерінде 7.12. 2018 ж. жариялаған. 

 «Педагог мәртебесі» Жамбыл  облыстық ақпараттық әдістемелік журналында «Математика  сабағында  саралау әдістерін қолдану арқылы  оқушылардың   білім алуын  қолдау» мақаласы шығарылған, 2020ж.

 «Білім алушының таным әрекетін  белсендіріп,   жан-жақты  жеке  тұлғаны   тәрбиелеу» тақырыбына бойынша  оқу-әдістемелік  құрал   Қазақстанның білім беру порталында жариялаған. www.bilimportal.kz, 2020ж.

 «Оқытудың  әдіс-тәсілдерін саралай пайдалану арқылы білім алушылардың  академиялық білімі мен дағдыларын  қаншалықты арттыруға болады?» мақаласы «Білімді  жаңғыртудың  жаңа кезеңі: бүгіні  мен болашағы» атты  халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясының жинағында  2020 жылғы қарашада  жариялаған.

Марапаттар:   

Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасының,  Тараз қаласы әкімінің, білім  бөлімінің құрмет грамотасымен және қоғамдық  ұйымдар мен мекемелердің  алғыс   хаттарымен марапатталған.  

2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша  «Өз ісінің шебері» номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім  және  ғылым   министрлігінің Құрмет   грамотасымен марапатталған.

2011 жылғы 10 қарашада «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.     

Кенжебекова Рахат Жумаковна  өзінің құзыретіне кіретін лауазымдық міндеттерді сапалы орындайды. Қоғамдық орындарда, ұжым ортасында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтай біледі. Ол жас ұрпаққа білім беру ісінің   нағыз жаңашыл, ізденімпаз, еңбексүйгіш маман. Өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам және білім бөлімі тарапынан айтылатын сынға себепкер болмаған.