10
январь
2018
"Маған өмір керек, мен өмірге керекпін" тақырыбында жиналыс өтілді.
Гимназияда 8-9 сынып қыздарымен "Маған өмір керек, мен өмірге керекпін" тақырыбында жиналыс өтілді. Жиналыс қыз балалардың бойындағы тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамытуға бағытталды. Гимназиямыздағы әжелер клубының мүшелері, ТарМПУ-дың оқытушысы, доцент, ф.ғ.к. Исматова Сейсекүл Молдабекқызы мен зейнеткер Айтбаева Баян Сартайқызы қыз тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерін айтып, ақыл-кеңестерін берді.