«Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендірудің негізгі аспектілері» тақырыбында қалалық семинар-кеңес өткізілді.
2017 жылдың 2 қараша күні сағат 14-00-де қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының базасында «Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендірудің негізгі аспектілері» тақырыбында қалалық семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске қаланың №4, 9, 13, 14, 15, 16, 51, 27, 42, 43, 53 мектептерінің директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, критериалды бағалау бойынша үйлестірушілері, 1, 2, 5, 7 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдермен бірге барлығы 71 қызметкер қатысты. Семинар-кеңес жұмысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында туындаған өзекті мәселелер талқыланып, келелі сұрақтар жауабы анықталды. Гимназия директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Б.О.Бектурганов жаңартылған білім беруді іске асырудың негізгі идеясы мен құндылықтарын, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Маталиева оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды, ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Есимханова мен Қ.Е.Мырзабекова жаңартылған мазмұндағы сабақты бағалау мен бақылауды жүргізуді көрсетіп, таныстырып, талдап өтті. Гимназия мұғалімдері Р.У.Абдикаримова, Р.Д.Алманбетов, А.Б.Адылбекова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.