05
октябрь
2017
Мұғалімдердің кәсіби мерекесі гимназияда аталып өтті
"Ұстаз - күн астындағы ең қадірлі мамандық"
«Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала», - деп Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуші мұғалімдердің кәсіби мерекесі Бауыржан Момышұлы атындағы #45 гимназияда аталып өтті. Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын айта келіп, гимназияның оқу-тəрбие үрдісіне ерекше үлес қосқан бірнеше қызметкерді алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, алдағы уақытта да ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді.