«Robotics 2017» ІІ Мектепішілік робототехника байқауы » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Robotics 2017» ІІ Мектепішілік робототехника байқауы
12
апрель
2017

«Robotics 2017» ІІ Мектепішілік робототехника байқауы

«Robotics 2017» ІІ Мектепішілік робототехника байқауы оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету, техникалық пәндерді әйгілеу, оқытудың шығармашылық түрінің жаңа бағыты ретінде білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылады. Байқаудың негізгі міндеттері:-Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылым саласындағы талантты оқушыларды анықтау; Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ұлғайту; Логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылды. Байқауға 5,7 сынып оқушыларынан құралған команда (2 оқушы) қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды.

І-кезең. «Кегельринг»

Шарты: Әр командаға 2 минут уақыт беріледі. Робот қара жолақтан сыртқа шығып кетпей, шаршының сыртына 8 кегельді шығарып тастауы тиіс.

ІІ-кезең. «Сызық бойымен жүру»

Шарты: Робот 380х240 см алаңда 50мм қара сызық бойымен айналып жүріп шығып, көк жолаққа тоқтауы тиіс. Егер робот қара сызықтан шығып кетсе, сайыс тоқтатылады.

ІІІ-кезең. «Кім жүйрік»

Шарты: Оқушылар 1 минут уақыт ішінде сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс.

ІV- кезең. Финал. «Механикалық сумо»

Шарты: Екі команда бір-бірімен жарысады. Екі робот бір-бірін 2 минут ішінде шеңбердің сыртына итеріп, шығарып тастауы тиіс. Егер роботтар 15 секунд өзгеріссіз бір орында қалатын болса, сайысты қайта басынан бастайды.

 

 Барлық кезеңдерде жылдамдық бағаланды. ІІ кезеңнен соң нәтижесі төмен 2 команда, ІІІ кезеңнен кейін 1 команда сайыстан шығарылады.

 

 

 

Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, «Үздік ойыншы» анықталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив