Мұғалімдердің кәсіби мерекесі гимназияда аталып өтті
«Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала», - деп Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуші мұғалімдердің кәсіби мерекесі Бауыржан Момышұлы атындағы #45 гимназияда аталып өтті.