02
октябрь
2017
"Мəңгілік ел" білім мен тəрбие беру орталығы ашылды.
Өңіріміздегі үлгілі мектептердің бірі, Pеспублика деңгейінде үздіктер қатарынан көрініп жүрген білім ордасы - Бауыржан Момышұлы атындағы № 45 қазақ классикалық гимназиясы жанынан "Мəңгілік ел" білім мен тəрбие беру орталығы ашылды. Оқу ордасында бүгін орталықтың ашылуына орай салтанатты шара өтіп, ардагер ұстаздар қара шаңырақта бас қосты.