04
октябрь
2017
Сүйінші!!! Ажар - тіл білгірі!
Сүйінші!!! Ажар - тіл білгірі!
Жамбыл облысы əкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы мен "Қазақстан-Тараз" телеарнасының бірлескен жобасы "Тіл білгірі" зияткерлік телесайысының нəтижесі белгілі болды.
Талас, Сарысу, Шу, Жамбыл аудандары мен қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында өткен зияткерлік сайыстың ақтық финалында гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Амирбекова Ажар айқын басымдық көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Ұйымдастырушылар тарапынан оқушымызға алғыс хат пен 100.000 тг сертификаты табысталды. Түсірілім қазан айының соңында эфирге шығады.