04
июнь
2024
«География әлеміне саяхат» табиғаттағы интеллектуалды ойын
Туристік–өлкетану бағытында 6-сынып оқушыларымен интеллектуалды табиғаттағы квест ойыны «География әлеміне саяхат» тақырыбында өткізілді.
Ойын барысында балалар бірлескен командалар құру арқылы жұмыс кезеңдері бойынша тапсырмалар орындады:
1. Оқулықты пайдаланып, геохронологиялық кесте бойынша берілген сұрақтарға жауап беру,
2. ҚР физикалық картасынан негізі 3 көмірдің кен орнын, 3 жылу электр станциясын көрсету.
3. Лабиринт өту арқылы, азимут көкжиек тұстарын бағдарлап үйренді.
Квест ойын нәтижесінде «Өрнек» тобы жеңіске жетіп, марапатталды.
8-сынып оқушылары ауа райының жай-күйін арнайы метеорологиялық станцияларда бақылайтынын, оның қорытындысы қалай жасалатынын іс жүзінде көру мақсатында «Метеорологиялық станциясына» саяхатқа барды. Жұмыс барысында метеорологиялық станция қызметкері, оқушыларға ауа райына болжам жасап, өлшеп ақпарат беріп отыратын құрылғы аспаптармен таныстырды. Күнделікті іс жүзінде өлшенетін желдің жылдамдығы, бағытын флюгер бойынша қалай анықтауды көрсетіп түсіндірді. Сонымен қатар Күннің температурасын, Гелиограф құрылғысының жұмысын, жауын- шашын өлшегіш құралдың, солтүстік бағыт бойынша мередиан/ параллель сызықтарының орналасуын және ауаның ластануын анықтау жолдарымен танысты.
Оқу кеңістігін шығармашылық студияға айналдыру жұмыстарын ұйымдастырғандар география пәнінің мұғалімдері:: Алманбетов Р., Мырзакулова С., Дарибаева А.