25
май
2020
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді тағы да бір оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!
Гимназия оқу жылын 1960 оқушымен бастап, 1951 оқушымен аяқтап отыр. Биылғы оқу жылының ерекшелігі 4-тоқсанды қашықтан оқып, жаңа форматта ұйымдастырылды .
Гимназияның 485 оқу үздіктері, 856 оқу екпінділері, «Алтын белгіге» үміткер 3 түлек - Ширинбаев Тимур, Бейбіт Анель, Жақсылық Қасиет, үздік аттестатқа үміткер 1 түлек - Темірбаев Ахат бітіріп отыр. 1-10 сыныптардан _1893___ оқушы емтихансыз келесі сыныпқа көшіріліп, 11 - сыныптардан _57__ оқушы ҰБТ-ге онлайн форматта өтініштерін тіркеді.
Қазақстанның инновациялық дамуға бет бұруы кезінде гимназияның негізгі жұмыс міндеті - дарынды балалармен жұмыс. Биылғы оқу жылында гимназия оқушылары мен ұстаздары түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті.
Атап айтсақ, қалалық байқауларда - 48, облыстық байқауларда 23, республикалық байқауларда 14, қашықтықтан 1332 жүлделі орындареншімізде. Жалпы гимназия оқушыларының 71%-ы, яғни 1417 оқушы түрлі деңгейдегі, әр түрлі бағыттағы байқау, конкурстарда жүлделі орындардан көрінді.
Гимназия абыройын республикалық, халықаралық байқауларда көтеріп жүрген оқушыларымызды мақтанышпен айтамыз. Олар: республикалық ғылыми жобада Бейбіт Анел, Нургалиева Жанерке, Абдешова Арай, Қабылбек Мади, Дүйсенбек Аймэри. Республикалық пән олимпиадасына 3 оқушы жолдама алды Ержан Аружан, Истанбекова Аяна, Дүйсенбаева Сымбат, Серикова Аружан. Біз бұл оқушыларымызды мақтан тұтамыз, үлгі етеміз!!!
Гимназияның туын мақтанышпен көкке көтеруге оқушылармен қатар ұстаздар қауымы да ат салысуда, атап айтсақ:
Халықаралық байқауға 10 мұғалім, республикалық байқауда 5 мұғалім, облыстық байқауда 10 мұғалім, қалалық байқауда 8 мұғалім жүлделі орындар алса, қашықтық байқаудан 221 жүлелі орын еншімізде. Атап өтетін болсақ, Халықаралық математика олимпиадасының 2 дүркін жүлдегері Кеңесов Бауыржан, республикалық «Алтын тұғыр» бастауыш сыныптардың математика олимпиадасының жүлдегерлері Наретова Перизат, Жанқоразова Ардақ, Бурханова Гулнар, Сандыбаев Перизат.
Мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен 17 тамыздан басталатын «Жаздық мектепке» оқуға шақырамыз!
Құметті, гимназия түлектері! Көздеген мұрат – мақсаттарыңа қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Отан сүйгіштік рухтарың мықты болып, асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін. Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын!


