Мектеп оқушыларына арналған FLEX (Future Leaders Exchange) бағдарламасы арқылы жыл сайын республиканың түкпір-түкпірінен жүзге тарта оқушы жиналып, АҚШ-қа барады. Арнайы емтиханнан жыл сайын гимназия оқушылары топ жарып, мұхиттың арғы жағында білімін шыңдап жүр.