19
январь
2019
«Белсенді әдіс-тәсілдер – оқытуды жақсартудың кепілі» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар

2019 жылдың 19 қаңтар күні Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында «Белсенді әдіс-тәсілдер – оқытуды жақсартудың кепілі» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға қаланың 14 мектебінен 42 мұғалім қатысты.
Гимназия 2014 жылдан бастап 14 серіктес мектептің жетекшісі болып тағайындалған. Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу, қолдау көрсету, нәтижелі педагогикалық практиканы тарату мақсатында 6 семинар, 1 фестиваль, 10 ашық есік күні өткізілді. Ал, биылғы оқу жылынан бастап НЗМ-нің тәжірибесін тарату алаңы болып бекітілді. НЗМ тәжірибесін тарату, оқытуды жақсартудағы белсенді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын оқыту үдерісінде көрсету, тәжірибемен бөлісу мақсатында семинар өткізіліп отыр. Семинар барысына семинар қатысушыларын оқытудың белсенді әдіс-тәсілдермен таныстыру, жаңартылған мазмұндағы сабақтардың кезеңдерін ұйымдастыру жолдарымен бөлісу, оқытуды жақсарту жолдары туралы ой-пікірлерді ортаға салу, талқылау, оқытуды жақсарту жолдарын айқындау міндеттері шешілді. Семинар жұмысы нақты тәжірибеге негізделіп өтілді.