«Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспары
«Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспары
«Жас мамандар»мектебі ұстаздық жолын енді бастаған жас мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында жұмыс жасайды.
Мақсаты: Жас ұстаздың оқу-тәрбие үдерісіндегі кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Басты міндеттері:
1) Педагогика ғылымындағы жаңалықтар мен озық тәжірибемен таныстыру.
2) Жас маманның білімі мен біліктілігін жетілдіру. Кәсіби шеберлігін арттыру.
3) Тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру, өзара сабаққа қатысуды жолға қою.
4) Оқушылармен, әріптестерімен, ата-аналармен қарым-қатынасын дұрыс жолға қою.
5) Шығармашылық есеп бергізу.
№ |
Атқарылатын іс-шаралар
|
Мерзімі |
Жауапты |
1. |
Жас мамандармен пікірлесу, жұмыс жоспарымен таныстыру. Тәлімгер тағайындау. |
қыркүйек |
ДҒӘІЖО |
2. |
1-сабақ 1. Гимназия құжаттарын жүргізу жөнінде нұсқау беру. (Сынып журналдары) 2. Тақырыптық күнтізбелік жоспарлардың жасалу жолдарымен таныстыру.
|
қыркүйек |
ДҒӘІЖО, ДОТІЖО-лары |
3. |
2-сабақ. Теориялық семинар 1. Сабақтың құрылымы. Дидактикалық параметрлер. Сабақтың мақсатын, мазмұнын және оқытудың әдіс-тәсілдерін айқындау.
|
қыркүйек |
Мырзабекова Қ. көшбасшы |
4. |
3-сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау. |
қазан |
Ерғалиева Ж. Мектеп тренері |
5. |
4- сабақ. Тренинг «Мен және менің жаңа ұжымым». |
қазан |
Гимназия психологтары |
6. |
5-сабақ. Сабақты жоспарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. Оқу мақсаты, жаттығу мен бағалау критерийлері арасындағы байланысты бағамдау. |
қараша |
Фазылова Р. Көшбасшы мұғалім |
7. |
6-сабақ. Үлгермеуші баламен жұмыстың педагогикалық негіздері: 1. Сабақ барысында үлгермеуші баламен жұмыстың (жеке оқушымен жұмыс) түрлерімен таныстыру; 2. Үлгермеуші баламен жұмыс жоспарын жасауды үйрету. |
қараша |
Бірлестік жетекшілері, тәлімгерлері |
8. |
7-сабақ: Дарынды (қабілетті) баламен жұмыс әдістемесі: 1. Оқушыларды олимпиадаға және ғылыми жобаға дайындаудың алгоритмімен таныстыру; 2. Қабілетті баламен жұмыс жоспарын жасауды үйрету. |
желтоқсан |
Бірлестік жетекшілері, тәлімгерлері |
9. |
Жас мамандардың сабақтарына тәлімгер ұстаздардың әдістемелік көмек көрсету мақсатында қатысуы |
Қыркүйек-мамыр |
тәлімгерлер |
10. |
Жас мамандардың сабақтарына әкімшілік, бірлестік жетекшілері және психологтардың қатысуы. |
Қыркүйек-мамыр |
ДҒӘІЖО, ДОТІЖО, тәлімгерлер, психологтар. |
11. |
8-сабақ. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында сабақты зерттеу әдісін қолдану. Мектептегі сабақты зерттеудің табыс критерийлері. |
қаңтар |
Дауылбаева Б. Көшбасшы мұғалім |
12. |
9-сабақ. Ақпараттық технология – оқытуды ұйымдастырудың белсенді тәсілдерінің бірі. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін үйрету. |
қаңтар |
Әнетбаева Ұ. |
13. |
10-сабақ. 1. Мұғалімнің шығармашылық тақырыбы, зерттеу кезеңдері. |
ақпан |
Мамырова Г. Көшбасшы мұғалім |
14. |
1. Психологиялық тренинг. «Педагогикалық қарым-қатынас» моделі
|
ақпан |
гимназия психологы |
15. |
Практикалық жұмыс 1. «Талантты балаға - дарынды ұстаз» байқауын өткізу |
наурыз |
ДҒӘІЖО тәлімгерлер |
16. |
Педагогикалық кадрлармен жұмыстың жағдайы:
|
Сәуір-мамыр |
ДҒӘІЖО, тәлімгерлер |