«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында әдістемелік қолдауды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
2017 жылдың 5желтоқсан күні сағат 1300-де қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында әдістемелік қолдауды ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінен 43 ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.Семинар жұмысында қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меігерушісі Атақұлова Гүлжан Жадигеровна негізгі орта білім берудің мазмұнын жаңартудың маңыздылығын анықтау, айқындау, талдау мақсатында миға шабуыл өткізді. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында туындаған өзекті мәселелер талқыланды. Гимназияның ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Есимханова Жазира Есимханқызы гимназия тәжірибесінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында әдістемелік қолдауды ұйымдастыру жолдарымен таныстырып, тәжірибелік презентация жасады.Семинардың практикалық бөлімінде жаратылыстану бағытында математика, физика, биология пәндерінен, гуманитарлық бағытта қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен барлығы 8 сабақ көрсетілді. Сабақтар жаңартылған білім беру мазмұнымен оқып отырған 5,7-сыныптарда ұйымдастырылған. Гимназия мұғалімдері сабақтарында білім берудің жаңартылған бағдарламасының принциптерін, идеяларын, міндеттерін іс жүзінде қалай тиімді іске асыруға болатынын көрсетті. Сабақтарда тиімді кері байланыс, қалыптастырушы бағалау, қалыптасқан оқушылардың рефлексиялық дағдысы мен сыни ойлауы көрініс тапты. Семинар жұмысы нақты тәжірибеге негізделіп, жоғары деңгейде өтілді.