Эксперимент алаңы » Страница 3 » Гимназия №45
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
«№45 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 34-47-95
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-31-15
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұлы жеңіс жолында” атты викторина ұйымдастырылды.
10
апрель
2025
Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұлы жеңіс жолында” атты викторина
Іс-шара үзіліс уақытында өткізіліп, оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысты сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Сонымен қатар, соғыс тақырыбындағы әдебиеттерден арнайы көрме ұйымдастырылып, оқушылар назарына ұсынылды. 
“Ғарышқа қанат қақ” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
10
апрель
2025
“Ғарышқа қанат қақ” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
4-сынып оқушыларымен “Ғарышқа қанат қақ” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. «Ғарышкер болу – арман мен еңбек» кезеңінде оқушылар тілдік нормаларды сақтай отырып, диалог құрау арқылы ғарышкер болу жолындағы армандар мен еңбекті сипаттады. «Ғарыш әлеміне үңіл!» кезеңінде ғарышқа байланысты түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Бұл іс-шара оқушылардың қиялын, шығармашылығын, топпен жұмыс істеу дағдыларын арттырды. 
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“В” сынып оқушылары С.Мұратбековтің “Жусан иісі” шығармасын талдады.
07
апрель
2025
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“В” сынып оқушылары С.Мұратбековтің
 Әңгіме желісі бойынша оқушылар соғыс жылдарындағы ауыл өмірін, балалық шақтың қиындықтарын, сағыныш пен үмітке толы сезімдерді талқылап, Аян бейнесі арқылы адамгершілік, мейірім, төзімділік ұғымдарына тоқталды. Шара барысында оқушылар өз ой-пікірлерін еркін жеткізіп, көркем шығарманың терең мазмұнын ашуға тырысты. Әңгімеден алған әсерлерін пікірталас, сұрақ-жауап арқылы көрсетті.
Фильмотерапия
03
апрель
2025
Фильмотерапия
Фильмотерапия: тәрбие мен танымның тиімді әдісі 6-сынып оқушыларына «Лаула» фильмі көрсетілді. Фильмотерапия – кино арқылы адам жандүниесін зерттеу, ойландыру, рухани жетілуіне көмектесу тәсілі. «Лаула» фильмі арқылы оқушылар өмірлік құндылықтарды, жанашырлықты, батылдықты сезіне отырып, өз ойларын ортаға салды. Фильмнен кейін пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.
«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында семинар
28
март
2025
«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында
Әдістемелік қолдау көрсету мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің педагогтері Игиликова Г. И. және Мыханова Ж.Б. гимназия мұғалімдеріне «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістемесі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында авторлық бағдарлама жазу ережелері, құрылымы мен рәсімдеуіне қойылатын талаптармен таныстырды. Семинар соңындағы кері байланыста мұғалімдер өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында бес асық, тоғызқұмалақ ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылды
20
март
2025
Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында бес асық,
Ұлттық ойындар – ұрпақ мұрасы Қазақ халқының ұлттық ойындары–ата-бабадан жеткен асыл мұра, рухани байлықтың бір бөлігі. Соның ішінде “бес асық” пен “тоғызқұмалақ” ойыны ерекше орын алады. 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында бес асық, тоғызқұмалақ ойындары бойынша жарыс ұйымдастырылды. Мақсаты: - қазақ халқының ұлттық ойындарын ел арасында кеңінен насихаттау және бұқаралық сипатын арттыру; - үздік ойыншыларды анықтау. - спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті
Эксперимент алаңы «Жас тілші» жобасы аясында “45 News” кезекті гимназия жаңалықтарын ұсынады.
19
март
2025
Эксперимент алаңы «Жас тілші» жобасы аясында “45 News” кезекті
 Жүргізуші: Жұмахан Анар. Тілшілер: Арланбек Назерке, Берікқызы Шырайлым 
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Б” сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың “Көксерек” шығармасын жан-жақты талдады.
19
март
2025
“TALQILIKE” жобасы аясында 7“Б” сынып оқушылары Мұхтар Әуезовтың
Талқылау барысында адам мен табиғат арасындағы байланыс, қасқырдың бостандыққа ұмтылысы тақырыптары қозғалды. Оқушылар шығарманың негізгі идеясын талқылап, әр кейіпкердің әрекетіне өз көзқарастарын білдірді.
8-сынып оқушыларымен “Абайды оқы, таңырқа!” тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
18
март
2025
8-сынып оқушыларымен “Абайды оқы, таңырқа!” тақырыбында оқырмандар
Оқушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қарасөздеріне тақырыптық-идеялық талдау жасады. Ұлы ақынның композиторлық қырын, поэмаларының кейіпкерлерін жан-жақты талдап, күйлерінің шығу тарихымен таныстырды. Конференция соңында ақынның шығармаларының мазмұндық желісімен иллюстарциялық суреттер салды.
Наурыз мерекесіне орай 9-сынып оқушыларымен «ЭТНО QUIZ» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
17
март
2025
Наурыз мерекесіне орай 9-сынып оқушыларымен «ЭТНО QUIZ» зияткерлік
Мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып қазақ халқының салт – дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Сайыс 4 бөлімнен тұрды: 1.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойынға қатысты ұяшықтардағы сұрақтарға жауап берді.  2.«Суреттер сөйлейді» кезеңінде экраннан көрсетілген суреттерден салт-дәстүрге қатысты бейнені тауып, мағынасын ашып түсіндірді.  3.«Тұлғаны таны» кезеңінде үзіндіде бейнеленген бейнефильм атауын