04
июнь
2024
«Блог жүргізудің пайдасы мен зияны» тақырыбында кездесу өткізілді

🔰 “НҰРШУАҚ“ лагерінің оқу кеңістігі мәдени-рухани бағытына арналып «Блог жүргізудің пайдасы мен зияны» тақырыбында журналист, блогер Мөлдір Нұрланқызы Анарбаевамен кездесу өткізілді.
🔸Іс-шара оқушыларға болашақ мамандық таңдауға, өмірден өз орнын табуға бағыт-бағдар беру және блог жүргізудің пайдасы мен зиянын анықтап, қазақ тілді контенттерді насихаттау, әлеуметтік желідегі қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатын көздеді.
🔸Шараға 7-сынып оқушылары қатысып, блог жүргізу, пайдасы мен зияны, оның қызықтары туралы сұрақтар қойды.
🔸Көпбалалы ана, тележүргізуші, қазақ тілінің жанашыры, қоғам белсендісі, қарапайым халықтың үнін ашық айтып, ел мүддесін қорғап жүрген қазақтың қайсар қызы Мөлдір Нұрланқызына гимназия оқушыларына өз ақыл-кеңесін, басынан өткен қызықты жағдайларды айтып, болашақ журналист болғысы келетін гимназистерге шабыт сыйлағаны үшін алғыс білдіреміз!