Қазақ елі
Елімнің кешегісі мен бүгінгі күнін салыстыра отырып, өмірін бейнелегім келді. Композициямның техникасы: Жүннен құрғақ басу арқылы бейнелеу. Қолданылған материалдар: түрлі түсті жүндер.
Еламан Сабина -2013 ж. Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясына 1 сыныбына қабылданып, әлі күнге дейін білім алудамын.
Оқуда озат, еңбекқор, алғыр және жауапкершілігім жоғары, түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып, гимназияның мақтанышымын деуге болады.
Үш жылдан бері "Шебер қолдар" үйірмесіне қатысамын. "Қолөнер" саласындағы жетістіктерім:
"Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқауының "Қолөнер" номинациясы бойынша 5в сынып оқушысы Еламан Сабина І орын жеңімпазы. (Желтоқсан 2017 жыл).
Халықаралық "Зимняя Фантазия" атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық фестиваль-байқауынан "Қолөнер" номинациясы бойынша 5в сынып оқушысы Еламан Сабина І орын жеңімпазы (Ақпан 2018 жыл).
Жетекшісі:Шонмирзаева Жанилган Мирзаяновна