"Мамандықтар əлемі" жобасын "Ерназар" шаңырағы Шаңырақ ТВ арнасында
"Мамандықтар əлемі" жобасын "Ерназар" шаңырағы Шаңырақ ТВ арнасында өтетін "Мамандығым -мақтанышым" тақырыбындағы кездесу -сұхбаты түрінде жүзеге асырды. Бағдарламаны "Тараз 24" ақпараттық интернет арнасының шеф редакторы, тележурналист Мерей Байет жүргізді. Бағдарламаға қонақ ретінде Ерназар ауылдық мəдениет үйінің ұйымдастырушы , вокалист Балгерім Ерімбетова қонаққа келді.Оқушылар келген қонаққа мамандыққа байланысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. Келген қонақтан қонақкəде сұралып,əн айтылды.