28
май
2022
Референдум: ұсыныс, пікір, талқылау
🔰 Референдум: ұсыныс, пікір, талқылау
Конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері және ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында "Жаңа Қазақстан - жаңартылған Конституция 2022: Өзгерістердің айқын 10 көрінісі" тақырыбында конституцияға енгізілетін өзгерістермен таныстыруға бағытталған жиналыс өтті. Конституциялық реформаның бағыттары, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне өту, Биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесі, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, азаматтардың құқын қорғау тетіктерін күшейту, Конституцияға енгізілген түзетулердің тарихы туралы тарих пәнінің мұғалімі Талғат Юсупжанов түсіндірді.
Жиналыс соңында ұстаздарға сөз беріліп, пікірлер тыңдалды.
📌5 маусым өтетін республикалық референдумды қолдайық!