28
май
2022
Жаңа Қазақстан - жаңартылған Конституция 2022: Өзгерістердің айқын 10 көрінісі
Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының мәжіліс залында ата-аналар мен мұғалімдерді Конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері және ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында жиналыс болып өтті. Жиынға қатысушыларды «Жаңа Қазақстан – жаңартылған Конституция 2022: Өзгерістердің айқын 10 көрінісі» тақырыбында конституцияға енгізілген өзгерістермен таныстырдық. Конституциялық реформаның бағыттары, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып президенттік республика моделіне өту туралы, Биліктің бірқатар өкілеттілігін қайта бөлу туралы, Парламенттің рөлі мен мәртебесі, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту, азаматтардың құқын қорғау тетіктерін күшейту, Конституцияға еңгізілген түзетулердің тарихы туралы тарих пәнінің мұғалімі Юсупжанов Талғат Юсупжанұлы баяндама оқыды. Жиналыс соңында бірқатар ата-аналар мен ұстаздарға сөз беріліп, пікірлері тыңдалды. Референдумға қатысу елдің, ұрпағымыздың болашағын нақтылау мен тікелей Жаңа Қазақстан құруға үлес қосу!