13
декабрь
2021
"Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі" атты мерекелік кеші

Егеменді еліміздің 30 жылдығы қарсаңында "Аяла" би тобы «Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі» атты мерекелік кеш өткізді. Шараның басты мақсаты: оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту; елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті, тәуелсіз мекеннің бірлігін, берекесін насихаттау мақсатында қазақ, орыс, татар, өзбек, украин, неміс халықтарының билері биленді. Мерекелік бағдарлама қазақ халқының "Домбыра" композициясымен аяқталды.
Кеш қонақтары - ата-аналар, мектеп ұжымы мен ұстаздар өнерлі оқушыларға алғыс білдірді.