"Даланың дара ұстазы" ТедХ форматындағы интеллектуалды кеш
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы» атты ТедХ форматында интеллектуалды кеш өтті.
"Ұшқыр ой алаңы" дебат үйірмесінің қатысушылары ТедХ форматында өз туындыларын орындап, арнайы берілген тақырыпты жоғары деңгейде алып шықты.
Мақсаты - оқушылардың тұлғалық дамуына түрткі болу, өз ойын ашық жеткізетін, ұтымды шешім қабылдай алатын буынды қалыптастыру.
Үйірме тәлімгерлеріне қалаған тақырыбы бойынша ойтолғау жазуға тапсырма берілді. Жалпы қамтылған тақырыптар: «Менің мектебім», «Жазғы демалысымды қалай өткіздім?», «Менің арманым», «Кітап әлеміне саяхат» сынды тақырыптарға байланысты пікір айтылды. Сонымен қатар оқушылар арнайы дайындаған әсем әнін орындап, көрермен көзайымына айналды.
Шара соңында гимназия директоры Фарида Советбекқызы оқушылардың өнеріне байланысты оң пікірін білдіріп, балаларға алғыс хат табыстады.