08
январь
2021
Ата-аналар жиналысы
2021 жылдың 8 қаңтар күні сағ.16.00-де 1-11-сыныптардың ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңесіне арналған жалпы ата-аналар жиналысы ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Күн тәртібіне сай гимназия директоры Шортанбекова Фарида Советбекқызы 2020 жыл бойынша бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы бойынша есеп берді. Ата-аналарға ІІ тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы таныстырылып, ІІІ тоқсандағы оффлайн режимде білім алатын кезекші сыныптар мен оқушылар қауіпсіздігі туралы ақпараттар айтылды.





























